Е.Маржықпаев: «Әр бөлім өз ісін тиянақты атқарсын»

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев қала мекемелері, сала бөлімдері жетекшілерінің қатысуымен аппарат мәжілісін өткізді.

– Өткен 2018 жылды барлық негізгі көрсеткіштер бойынша біз жақсы нәтижемен аяқтадық. Дегенмен, егерде әр бөлім өзі атқарған істер бойынша ақпарды тиянақты, уақытымен бергенде бұдан да жоғары орыннан табылар едік. Бұл құжатпен жұмысты қалыс қалдыруға болмайтынын көрсетеді, – деп бастады жиынды қала басшысы Е.Маржықпаев.
– Енді биылғы жылғы атқарылар шаруалардың жоспарлары нақты болып, олардың орындалуы жіті қадағаланып отырылсын.
Алдымен, өткен жылы бас-талып, әлі аяқталмаған, тапсырылуы осы жылға белгіленген нысандар түгенделді. Олардың жұмысында тоқтау болмауы тиіс. Ал, биылғы жоспарлы жұмыстардың жобалық-сметалық құжаттары уақытымен аяқталып, бекітілуі тиіс. Дәл осы құжаттың кешігуінен көп іс кеш басталып жүр. Ол құжатта жетіспеген мәселелер шұғыл түрде түзетіліп, жөнге келтіріліп, тиісті орындарға қайта ұсынылсын.
Бағаның жөнсіз өсуіне тосқауыл қойылсын. Кәсіпкерлік бөлімі сөреге бағасы қолжетімді азық-түліктердің жеткізілуін ұйымдастырсын. Кәсіпкерлермен үнемі түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, олардың бағаны еш негізсіз көтеруіне жол берілмесін.
Пайдаланылмаған жер телімдері, газ қолданудағы кемшіліктер туралы деректерді анықтау одан әрі жалғассын. Осы уақытта балалардың мұз айдындары, сырғанақтардың қауіпсіздігі үнемі қадағаланып, қажет уақытта жөнделіп отырылсын.
Осылай дей келе, қала әкімі Е.Маржықпаев барлық бөлімдерге өз істерін тиянақты атқаруды тапсырды.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий