Жазылмас жара

1989 жылдың 15 ақпаны Ауғанстаннан Кеңес Одағы әскерінің шығарылған күні. Бұл әлем тарихындағы ірі геосаяси қақтығыс болды. 9 жыл 2 ай 15 күнге созылған қантөгіс талай арда азаматтың ғұмырын қиды. Олардың есімдері Ауған ардагерлерінің жадынан ешқашан өшпек емес. Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл. Соған орай жергілікті әкімдікпен келісіліп, 2019-2020 жылдарға арналған іс-шаралардың жоспары бекітілді.

1979 жылдың 25 желтоқсаны мен 1989 жылдың 15 ақпаны аралығында Ауғанстан аумағында Кеңес Одағынан 600 мыңға жуық адам жауынгерлік борышын өтеген. Қазақстаннан барлығы 22 мың адам жат жерге жіберілді. Ақмола облысынан Ауғанстан жеріндегі қақтығыстарға 1113 адам қатысты. Оның 61-і жат жерде қаза тапты. 3 жауынгер із-түзсіз жоғалғандар санатында еді. Оның бірі Бурабай кентінің тумасы Алексей Зуев болатын. Жауынгер-интернационалистер істері жөніндегі комитеттің белсенді көмегі нәтижесінде өткізілген халықаралық акция барысында сержант Зуевтің сүйегі табылып, туған жеріне 2012 жылы әкелінді. Бүгінде облыс-та 768 ауған жауынгері бар. Оның 191-і Көкшетау қаласында тұрады. Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына орай әр ауғандық жауынгерге қалалық бюджеттен 20 АЕК көлемінде және облыстық бюджеттен 40 АЕК көлемінде бірреттік сыйақы төленетін болады. Бүгінде жауынгер-интернационалистер қоғамдық көлікте тегін жүреді, госпитальға, шипажайларға барып келу шығыны мемлекет есебінен төленеді.

Г. БӘЙІШЕВА.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий