Жазғы демалыс және мерекелерге дайындық

Облыс және қала басшыларының іскерлі басшылығының арқасында Көкшетау қаласын абаттандыру, көркейту және санитарлық тазалығын сақтау, жолдарды жөндеу, көппәтерлі үйлердің маңын тәртіпке келтіру жұмыстары жоспарлы түрде жүйелі жүргізіліп келеді. Сондай-ақ, тұрғындардың, әсіресе, жазғы демалысқа шыққалы отырған жасөспірімдердің демалысын үлгілі ұйымдастыруға да ерекше мән беріліп отыр. Жергілікті атқарушы өкілетті органдар тарапынан адамдарға жасалып отырған осындай қамқорлықты күнделікті пәрменді істің нәтижесінен айқын аңғаруға болады. Алда келе жатқан маңыз-ды мерекелер қарсаңында қала әкімі Ермек Маржықпаев орталық саябақта өзінің қызмет түрлерін ұсынып отырған кәсіпкерлерді қатыстырып, жиын өткізді. 1 маусым – Балаларды қорғаудың халықаралық күнінде әткеншектер сапалы, әрі үздіксіз жұмыс істеуі тиіс. Олардың мереке күнінде көңілін көтеретін түрлі шараларға мән берілуі керек. Балалар дем алып қана қоймай, мейрамның өздеріне арналғанын сезінгені жөн. Биыл саябақта жаңа сауық түрлері пайда болып, ол балаларды ғана емес, ересектерді де қызықтыруда. Жақында тұрғындарға арналған жаңа сауық түрі – шағын картодром пайда болмақ. Осыны назарға алған қала әкімі жергілікті полиция мен коммуналдық сала басшыларына еш жерде тіркелмей, жұмысын істеп жатқан жекеменшік сауда иелерінің мәселесіне назар аударуды тапсырды. Саябақтағы киоскілер мен дүңгіршектердің сырт келбетін де жақсарту қажет. Қала әкімі мұнан кейін қала ардагерлері, дін саласының өкілдері, прокуратура және мемлекеттік орган жетекшілерімен кездесті. Алда маңызды мерекелер келе жатыр. Күн тәртібінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу, Балаларды қорғаудың халықаралық күні, Ұлттық Бірыңғай Тестілеу, Мемлекеттік рәміздер күні тұр. Сондай-ақ, Астана қаласынан жер комиссиясы мүшелерінің ресми сапары мен қасиетті Рамазан айының басталуы да назарда болуы тиіс. Ермек Боранбайұлы діни мейрамға байланысты орталық мешіттің маңайы жарықүнемдегіш лампалармен жарықтандырылып, гүл отырғызылатынын айтты. Ең басты назарға алынатыны – тұрғындардың қауіпсіздігі екенін қала әкімі тағы да қадап тапсырды.

«Көкше-ақпарат». 

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс