Жаз айының әр күнін ұтымды пайдаланайық

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин кеше Көкшетау қаласындағы бірқатар өндірістік-әлеуметтік нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстарға айрықша назар аударды. Өңір басшысымен сапар кезінде қала әкімі Ермек Маржықпаев бірге болды.

Жаз құрылыс жұмыстарын жедел қарқынмен жүргізетін нағыз қолайлы кезең. Сондықтан да жоспарланған шаруаны дер кезінде атқару, мердігерлік ұйымдар мен еңбек ұжымдарының басты парызы саналса керек. Облыс әкімінің Көкшетау қаласының өндірістік,әлеуметтік нысандарын аралағандағы басты мақсаты да осы болды. «Сарыарқа» мөлтек ауданындағы 900 орындық жаңа мектеп құрылысы мен №18 орта мектепке жапсарлас салынып жатқан нысан құрылысымен егжей-тегжейлі танысқан өңір басшысы жұмыс қарқынын еселеп арттырумен бірге сапаға да айрықша көңіл бөлуді тапсырды. Өйткені білім ошақтарында сабақ басталуға бар-жоғы бір айдай ғана уақыт қалды. Көкшетаулықтардың тағатсыздана күтіп отырған тағы бір маңызды нысаны- революция күрескерлеріне арналған мәдениет және демалыс паркі. Ондағы шаңғы-роллерлі трасса құрылысы. Мердігерлік ұйымдар мұндағы жұмысты асқан жауапкершілікпен жүргізіп жатқанымен, түйінді мәселелер де жеткілікті. Жыл басынан бері облыс орталығында аулаларды жаңғырту, жолдарды жөндеу, отандық өнім шығаруды молайту мықтап қолға алынған. Бұған «Регион строй», «Ботлерс», «Енки» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің өнімді жұмыстары айқын дәлел. «Васильковка» мөлтек ауданындағы №22 үйдің жанындағы ауланы, Бірлік мөлтек ауданын  абаттандыру аяқталып қалды. Застанционный кентіне баратын жол құрылысы және Тәшенов көшесіндегі жөндеу жұмыс-
тарын қатаң бақылауға алуды тапсырған өңір басшысы сонымен бірге қаланың нысандарын алдағы жылу маусымына тыңғылықты әзірлеуді де назарда ұстау қажеттігін айтты.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс