Жалған хабар үшін жазаланады

Көкшетау қаласы әкімдігінің ғимаратына бомба қойылғаны туралы ақпаратқа байланысты әкімдік қызметкерлері эвакуацияланды. Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қаңтардың 30-да Көкшетау қаласындағы жедел басқару орталығының «102» арнайы желісіне 46 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, қалалық әкімдіктің маңына бомба қойылғанын айтқан. «Осыған байланысты әкімдікте болған бірқатар қызметкерлер эвакуацияланды. Полиция департаментінің жарылғыш заттармен жұмыс істейтін техник-мамандары әкімдік ғимараты маңынан жарылғыш затты таппады» дейді ведомствоның баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук. Анықталғандай, жалған хабар берген 46 жастағы әйел 2018 жылдан бері «босанғаннан кейін мінез-құлқының бұзылуы» диагнозымен психиатр дәрігердің есебінде тұрған. «Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 273 бабы «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды» деп толықтырды Гүлнәр Пинчук.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий