Жанұзақтың ұлттық нақыштағы туындылары

Әдебиет және өнер музейінде өңірімізге танымал қылқалам шебері Жанұзақ Қалиұлы Маржықовтың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ұлттық нақыштағы «Ұлы дала тынысы» жеке шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмені өткізудегі мақсат – қазақ халқына тән шығармашылық өнерді насихаттау және таныстыру, жас буынды ұлтымыздың шығармашылық өнеріне тартып, қастерлей білуді үйрету. Аталған шараға Ақмола облысының мәдениет басқармасы, Көкшетау қалалық мәдениет бөлімінің өкілдері, жоғары оқу орнының ұстаздары мен студенттері, қала тұрғындары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жанұзақ Қалиұлының туындылары сонау кеңес заманынан бастап «Қазақстан пионері», «Солтүстік Қазақстан», «Көкшетау правдасы», «Арқа ажары», «Көкшетау» газеттерінде жиі жарияланатын. Табиғат берген дарынның арқасында туған өлкенің тарихи шежіресін қылқаламмен жазып, көрерменнің ыстық ілтипатына бөленген Жанұзақ Маржықовқа шығармашылық табыс тілейміз.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс