Жарқын істердің үлгісі

Еліміздің Тұңғыш Президенті күніне орай «Ақмола облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ-сі көрме-галерея ашты. Бұл көрменің мақсаты – жастарға Көшбасшының стратегиялық таланты, данышпандығы, мақ-саттарға қол жеткізудегі табандылығының арқасында біздің мемле-кетіміздің тәуелсіз тарихы басталғанын ерекше мақтанышпен ұқтыра отырып, патриоттық тәрбие беру. Бұл жерде ел шежіресінен сыр шертетін фотосуреттер, газет мақалалары, кітаптар қойылған. Еліміздің тарихын жаңғыртуға бағытталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы Даланың жеті қыры» және тағы да басқа Елбасының барлық бағдарламаларында алға қойылған мақсаттар көрініс тапқан.

Үміт ЖАҚЫПОВА,
Ақмола облысы МҚҚБ 1-ші полиция батальонының аға лейтенанты.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий