Жастарды теріс пиғылдан арылтайық

Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренованың төрағалығымен А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде қала әкімдігі жанындағы діни бірлестіктер және үкіметтік емес ұйымдармен байланыс жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы болды.

Бүгінгі таңда қазақстандық қоғамды қатты алаңдатып отырған өзекті мәселенің бірі – жастарды деструктивтік діни теріс ағымдардан сақтандыру. Ол үшін біз конфессияаралық және ұлтаралық бірлікті кеңінен насихаттап, қоғамға іріткі салатын лаңкестік әрекеттерге тойтарыс беруіміз керек. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жайлы Көкшетау қаласы ішкі істер бөлімінің жетекшісі Андрей Подгурский егжей-тегжейлі айтып берді. Көкшетау қаласы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саланы қадағалау бөлімінің аға прокуроры Серік Нұрқанов пен криминалды полиция бөлімінің инспекторы, аға лейтенант Ерлан Ерғалиев тіркелмеген діни бірлестіктер қызметінің алдын алу және жалған терроризм фактілерін әшкерелеу жайында әңгімелесе, «Ақниет» ақпараттық-насихаттық оңалту орталығының психолог маманы Әсел Базарбаева әйелдердің исламдағы рөлі мен хиджаб киюдегі ұлттық дәстүрлер жөнінде ақпарат берді. А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің әлеуметтік жұмыстар және тарих жөніндегі халықаралық қатынас кафедрасының оқытушысы Ризат Елубаев жиналғандардың назарын экстремизм мен терроризмнің алдын алуға байланысты үкіметтік емес ұйымдардың алдында тұрған міндеттерге аударды. Кеңес мүшелері М.Қиықов, С.Мұқитанов, Р.Зұлқарнаев, Б.Сәрсенбаев талқыланған мәселе бойынша пікір алмасты.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс