Жастар жаңа челлендж бастады

Коронавирус инфекциясы тара-луының алдын алу мақсатында жасалып отырған шара туралы Ақмола облыстық жастар ресурс-тық орталығы әлеу-меттік желідегі парақ-шасында жариялады. «Менің подъезім–
менің денсаулығым» челленджі барысында жастар облыс орталығындағы тұрғын үйлер мен ірі сауда үйлерінің кіре берісін тазалап, сүртіп, коронавирус инфекциясының алдын алу туралы жадынама таратуда. Сонымен қатар, жастар ресурстық орталығымен еріктілер бірлесіп, сауда орындарының басшыларымен профилактикалық шараларды түсіндіру жұмысын жүргізуде. «Біздің мақсатымыз – жаһанды жалмаған коронавирус инфекциясының алдын алу шараларына үлес қосу. Осы бағытта Ақмола облыстық жас-тар ресурстық орталығының жастары жергілікті еріктілермен бірлесіп, челлендж бастап кетті», – дейді Ақмола облыстық жастар ресурстық орталығының жанындағы «Волонтерлерді қолдау орталығының» басшысы Данияр Дайыров.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий