Жастар жылы – жаңалыққа толы

Жастар жылының ашылуы несімен есте қалмақ, нендей өзгеріс күтеміз? Бұл ретте, Елбасы негізгі 5 бағыт бойынша қолдау шараларын әзірлеу туралы нақты тапсырма да берді. Ол – жастарды жұмыс, тұрғын үймен қамту, өнерлі, талантты жастарды қолдау, өзін-өзі дамытуға мүмкіндік жасау. Осы орайда, өңірдегі жастардың білім алуына, жұмысқа орналасуына, баспаналы болуына қандай жағдай жасалмақ? Осы және өзге де мәселелер Көкшетауда жастар көшбасшылары-ның қатысуымен өткен тақырыптық баспасөз-конференциясында талқы-ланды.
Жыл көлемінде барлық мүдделі органдар, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар ұйымдары бірлесе отырып бірнеше бағытты қамтитын кешенді жұмысты қолға алады. Соның алғашқысы – жастардың баспана мәселесі. Көкшетау қаласында «Ақмола жас-тары» бағдарламасы бо-йынша 424 жас отбасына арналған 6 тұрғын үй салынады. Жастарға «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің», Қазақстан ипотекалық компаниясының өкілде-рімен жүздесулер ұйым-дастырылып, «7-20-25» жобасының негізгі шарттары мен ережелері түсіндірілетін болады.
Елбасы көтерген екінші мәселе – жастар жұмыссыздығы. Жыл көлемінде облысымызда бірқатар жобалар жүзеге аспақ. Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы
жастар саясаты мәселе-лері бойынша бөлім басшысы Дамир Іргебаевтың айтуынша, 2018 жылы тиімді жұмыспен қамтуды және жаппай кəсіпкерлікті дамыту бойынша 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламаға 5615 адам қатысты. Оның 2656-сы – ауылдық жерлерде. Əлеуметтік жұмыс орындарына 168 адам, жастар практикасына 611 жас жіберілді. Жыл ішінде еңбекпен қамту органдары арқылы 4830 жас жұмысқа орналасты.Мемлекет басшысы айрықша атаған төртінші мәселе – патриоттық тәрбие. Өңірімізде жастардың отансүйгіштік қасиетін нығайта түсу, ұлтаралық келісімді бекем етіп, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында былтыр өңірде 50 мың адамды қамтыған 600-ге жуық шара өткізілді
Жыл көлемінде жас-тармен жұмыс жасайтын мамандар үшін үкіметтік емес жастар ұйымдары мен медиа-ресурстарды дамыту мақсатында оқыту семинар-тренингтері, вебинарлар өткізіледі. Бұдан бөлек, Зеренді ауданында түркітілдес елдердің көшбасшы жастарының форумы өткізіледі. Облыстық деңгейде Жас-
тар форумы, «Тарихи тұлғалар жолымен» ғы-лыми жобалар байқауы, «Жас ұстаз – ел болашағы» жас ұстаздар байқауы, облыстың тарихи-мəдени əлеуетімен танысу бойынша киелі жерлерге «Жастар керуені» ақпараттық туры, сондай-ақ, жастардың «Жас сарбаз» əскери-патриоттық қозғалысын дамыту шеңберінде бірқатар шараларды жүзеге асыру жоспарланған.

Әсем ҚҰЛЖАНОВА.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий