«Жастар корпусының даму жобасы» байқауына үш мың адам қатысады

 

«Жастар корпусының даму жобасы»  әлеуметтік жобасына  18-29 жас аралығындағы әрбір қазақстандық азамат қатыса алады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Үйлестіру агенттігінің жетекшісі Вера Ким хабарлады.

«Біздің міндетіміз- қоғам өміріне жастарды араластыру. Жобаның бастамасы- жұмысқа және оқумен қамтылмаған жастар мен  өмір қиындығына ұшыраған жұмысшы жастар»,-деді Вера Ким»

Спикердің айтуынша,  биылғы жылы  жоба пилоттық тәртіпте іске қосылды және осы жобаға Алматы, Оңтүстік-Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары қамтылған. Биылғы жылы 3 мыңға жуық адам қатысады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, Вера Ким аталған жоба жастардың өмірге қажетті маңызды машықтарының  дамуын қамтиды, және де өздерінің әлеуметтік жобаларын ісе асыруға мүмкіндік береді. «Байқауға қатысу үшін  18 сәуірден 18 мамырға дейін өтініш бере алады, zhasproject.kz ақпараттық порталы болмаса әлеуметтік желілер арқылы қажетті ақпараттарды алуға болады»,-деді Вера Ким.

 

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс