Жастар лагерінің қызығы

«Жас Отан» қоры Зеренді ауданындағы «Сұңқар» сауықтыру орталығында белсенді жастардың қатысуымен «Youth Camp Akmola-2016» жастар лагерін ұйымдастырды. Оның жұмысына Ақмола облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Ринат Галлямов, облыстық жас-тар ресурстық орталығының басшысы, Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Тимур Ысқақов қатысты.

Лагерьдің басты мақсаты – жастардың зияткерлік қабілетін дамыту, көшбасшылық дағдыларға үйрету, жастар саясатының жалпы жұмысын үйлестіру. Осыған орай жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып, жастар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын-алу бойынша пікір алмасу ұйымдастырылды. Көпшілікті тарту мақсатында жеке және кәсіби дағдыларды дамытатын семинар-тренингтер өткізілді. Модераторлар мен тренерлер ретінде лагерь жұмысына Қазақстан Рес-публикасы Мемлекеттік қызмет істері бойынша Ақмола облысы департаментінің басшысы Қуаныш Жапақов, отбасы тәрбиесі институтының филиал директоры Юлия Сарсекеева, Қазақстан жастары конгресі атқарушы директорының орынбасары Тоқтар Болысов, Ақмола облысы жас-
тар ресурстық орталығының ақпараттық аналитикалық бөлімінің басшысы Мырзабек Мырзахметов, «Еркіндік қанаты» қоғамдық қорының атқарушы директоры Елена Швецова мен дін істері басқармасының конфессияаралық қатынастарды саралау және дамыту орталығының қызметкерлері Әлішер Бекташ пен Юлия Трофимова қатысты. Аймақ жастарының салауатты өмір салтын ұстану жөніндегі құлшынысын қолдау мақсатында шараға қатысушылар арасында футболдан турнир өткізілді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс