Жастар – нашақорлыққа қарсы!

Осындай ұранмен Көкшетаудағы Тәуелсіздік алаңында Халықаралық нашақорлықпен күрес күніне орай бірқатар шаралар өтті.

Акцияға жастар саясаты мәселелері бойынша басқарма, жастар ресурстық орталығы, ІІД наркобизнес-пен күрес басқармасы бастамашылық етті. Басты мақсат – жастардың бо-йында салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, зиянды нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу, барша қоғамды нашақорлықтың алдын алуға шақыру. Тақырыптық бағдарлама аясында «The Legacy show» би студиясының ұйымдастыруымен хип-хоп фестивалі, КВН жазғы клубы, сондай-ақ, кинологтар қызметі, «Арлан» бөлімшесі мен жас каратэшілердің көрсетілімі ұсынылды. «Сенім» оңалту орталығы қызметкерлерінің нашақорлық зардабы жайлы дайындаған қойылымы көрермендердің қошеметіне ие болды. «Жыл сайын достарыммен бірге нашақорлыққа қарсы күрес акциясына қатысамын. Шара жоғары деңгейде, жастар үшін қызықты өтеді. Мұның өзі зор қуаныш. Өзім спортпен айналысатын болғандықтан, салауатты өмір салтын ұстану көңіл көтеріп қана қоймай, шынығып, шымыр болуға мүмкіндік беретін тамаша тәсіл екенін айтқым келеді», – дейді студент Раис Мұхамеджанов. Жастар фестивалі қатысушыларды марапаттау мен дискотекаға жалғасты.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий