Жастар паркі

Ақмола облысының жастар ресурстық орталығының директоры Тимур Ысқақов журналистерге арналған брифингте Абай көшесі 114 мекенжайы бойынша жастардың демалыс паркін жасауды ұсынды.
Болашақ паркте үлкен сахна орнатылса, әртүрлі жанрдағы фильмдер көрсетуге мүмкіндік туар еді. Street Workout алаңын орнатқанда, көпшілік дене тәрбиесімен де айналысады. Парк ішінде сонымен бірге скейтбордистерге арнайы орын бөлініп, жүгіретін жол жасалып, армрестлингтер үшін стол қо-
йылатын болады. Бұлшық етті шынықтыру үшін дебаттық турнирлер өткізетін трибуналар орнату керек. Қалалық мәслихаттың былтырдан бері ару шаһарымызда көпқабатты үй аулаларын абаттандыруға байланысты ауқымды жұмыстар атқарылғанын ерекше атап көрсетті. Көпшіліктің игілігі жолындағы пайдалы бұл жұмыс әрі қарай жалғасуға тиісті. Жаңартылған, абаттандырылған аулаларда мүмкіндігіне қарай жазда теннис ойнайтын орындар жасап, қыс айларында коньки
теуіп, хоккей ойнайтын мұз айдыны жасалса ғой. Ресурстық орталықтың жетекшісі алға тартқан тағы бір ұтымды ұсыныс – қаламызда жастар орталығын ашу.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс