Жастар сыйлығының иегерлері марапатталды

Ақмола облысында «Jas Aqmola» жыл сайынғы облыстық жастар сыйлығының қорытындысы шыға-рылып, ең талантты да дарынды жастар марапатталды. Шараға аймақ басшысы Ермек Маржықпаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Биыл 412 студент облыс әкімінің гранты мен шәкіртақысына ие болды. Бұдан бөлек, облыс-та 2,5 мыңнан астам орынға арналған 6 білім ұйымында студенттік жатақ-ханалар салу бойынша дайындық жұмыстары бас-
талды. Шара барысында жастар орталығының директоры Эсет Куссиева, республикалық «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдердің әскери-патриоттық қозғалысы» қоғамдық бірлестігі Ақмола облыстық филиалының төрағасы Сағидолда Орынбек облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Бұдан бөлек, «Jas Aqmola» сыйлығының «Жыл жаңалығы» аталымы бойынша «Single Dream Entertainment» продюсерлік орталығы, «Жылдың жас-
тар ұйымы» аталымы бойынша облыстық «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы, «Жас толағай» аталымы бойынша бокс-тан халықаралық дәре-жедегі спорт шебері Талғат Шәйкен, «Жылдың шығармашылық ұжымы» аталымы бойынша Атбасар аудандық білім бөлімі жанындағы балалар мен жасөспірімдер орталығы, «Жыл студенті» аталымы бойынша Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті жанындағы Көпсалалы колледж студенті Анжелика Соколова, «Жыл серпілісі» аталымы бойынша «Коргалджыно» КТК командасы, «Үздік мемлекеттік қызметші» аталымы бо-йынша Ақмола облыстық сотының талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы Алмас Еркібаев, «Жұмыс кәсібінің үздік маманы» аталымы бойынша «Тыныс» акционерлік қоғамының цех жұмысшысы Данияр Құсайын, «Үздік ерікті» аталымы бойынша Юлия Минец, «Үздік волонтерлік ұйым» аталымы бойынша «Ақмола жаңа толқын» қоғамдық қоры, «Жас қалам» аталымы бойынша «Kókshe» телеарнасының тілшісі Ермек Елберген, «Үздік жас отбасы» аталымы бойынша Бижановтар отбасы, «Үздік қолөнер шебері» аталымы бойынша ақкөлдік мүсінші, зергер Жоламан Хүрметбек марапатталды. Сонымен қатар, «AQMOLA POWER» инновациялық идеялар және жобалар байқауының қатысушылары мен жеңімпаздары ақшалай сыйлыққа ие болды.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий