Жасыл белдеуді дамыту жалғасып жатыр

Ақмола облысы Нұр-Сұлтан қаласының айналасындағы жасыл белдеуді дамыту шарасына 2009 жылдан белсенді атсалысып келеді.

Ведомствоның мәліметінше, жасыл белдеу жобасы астананың айналасын Орталық Азияда теңдесі жоқ ерекше орманды алқапқа айналдыруға мүмкіндік береді. Бірегей жобаның басталғанына 23 жыл өтті. Адам қолымен жасалған орман саябағы жазық даланың сортаң және жартылай батпақты топырағының жаңа аумақтарына жайыла отырып, көлемін ұлғайтып отыр. Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының ақпараты бойынша, 2025 жылға дейін 65 миллион ағаш пен бұта отырғызу жоспарланған. Жапырақты және қылқан жапырақты ағаштардың жылдық тұқым қоры бір жарым тоннаны құрайды. 2021 жылдан бастап тұқым көлемін төрт тоннаға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Осы ретте, Ерейментау ауданын алатын болсақ, биылғы көктемде 1000-ға жуық ағаш отырғызылды. Ерейментау қаласының орталық алаңының маңындағы қала саябағында, ауданның құрметті ардагерлері мен аудандық мәслихатының депутаттары шырша отырғызды. «Жайдарлы жаздың сәні болған ағаштардың көбеюі табиғаттың тынысын кеңейтетіні мәлім. Бұл қоршаған ортаға деген құрмет әрі табиғатқа деген махаббаттың көрінісі. Келешек ұрпаққа біз аманат етіп қалдыратын ең басты құндылық ол жасыл аймақ пен тынысы кең табиғат. Жыл сайын бұл жұмысты одан әрі жалғастырып, ағаш отырғызатын орындарды көбейтпек жоспарымыз бар», – деп атап өтті ардагер Манап Әдірешов. Елге елеулі еңбегін сіңіріп, бүгінде ел ағасы болып жүрген ардақты ардагерлер мен аудан депутаттарының бұл бастамасы өскелең ұрпаққа өнеге болмақ. Атап айтсақ, Ақмола облысының орман қоры – 1,1 миллион гектар, соның ішінде үштен бір бөлігі (384,2 мың гектар) – орманды алқап. Жергілікті атқарушы органдардың құзырында 405,4 мың гектар (оның ішінде 224,1 мың гектар) орманды алқап бар.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий