Жасыл желекке қамқор болайық!

Орман – еліміздің басты байлығының бірі, баға жетпес экологиялық және экономикалық ресурс, біздің ұлттық игілігіміз. Орман кешені өнеркәсіптің көптеген салаларын дамыту үшін маңызды шикізат негізін құрайды.
Ақмола облысының мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы 1 058,8 мың га құрайды, оның ішінде орманмен қамтылғаны – 384,2 мың га. Жалпы, облыс бойынша ормандылық 2,6% құрайды. Облыстық әкімдікке ведомстволық бағынысты орман қорының ауданы 405,4 мың га құрайды, оның ішінде орман жабылғаны – 224,2 мың га. Бұл мемлекеттік орман күзетінің 500-ге жуық адамы еңбек ететін 13 коммуналдық мемлекеттік орман шаруашылығы мекемесі.
Ағымдағы жылы орман шаруашылығы мекемелері 1210 га алқапта орман екпелерін отырғызуды жүргізді, оның ішінде 855 га – облыстық бюджет қаражаты есебінен, 20 га – мекемелер ақылы қызмет көрсетуді іске асыру есебінен және 335 га – орман пайдалануды жалға алушылар есебінен. Орман дақылдарын толықтыру 496 га алқапта өткізілді. 500 га алқапта орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу жұмыстары жүргізілді, жоспар бойынша 1030 кг жапырақты және қылқан жапырақты тұқым дайындалды.
Айта кету керек, соңғы 11 жылда орман екпелерін отырғызу 11 918 га алқапта жүргізілді, орманмен қамтылған алқапқа 16 мыңнан астам га ауыстырылды. Облыста 11 питомник бар, оның ішінде 4 тұрақты, оның ішінде үш базистік (Ақкөл, Кіші Түкті, Маралды ОШМ) және 7 уақытша, онда 10 млн данаға жуық біржылдық және екіжылдық екпелер, 116 мың көшеттер өсірілді. Маралды ОШМ-де ағаш-бұталы тұқымдылардың көшеттері мен қалемшелерін өсіруге арналған жылыжай бар. Жалпы, орман шаруашылығы мекемелері мен орман пайдаланушылар орман шаруашылығы іс-шараларын толық көлемде жүргізді.
Ағымдағы жылы сауықтыру, рекреациялық, спорттық және туристік мақсаттар үшін мемлекеттік орман қоры жерінен жалпы ауданы 139,6 га 2 учаске ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілді. Сүрек дайындау үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға ауданы 154 144 га 8 орман шаруашылығы мекемелері бойынша 39-дан 14 орманшылық берілді. Облыс әкімдігінің «Орман өрттерінің алдын алу және олармен күрес жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес орман шаруашылығының барлық мекемелері өрт қауіпті кезеңге дейін техника, байланыс және хабарландыру құралдарын жөндеуден өткізіп, 30,8 мың га алқапта шөп өсімдіктерін өртеу жұмыстарын жүргізді.
ТЖ департаментімен, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен, облыстың өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметімен бірлесіп, Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бойынша орман өрттерімен күрес жөніндегі күштер мен құралдардың 2020 жылға арналған өзара іс-қимыл жоспары әзірленді және бекітілді. Орман шаруашылығы мекемелері 2020 жылғы өрт қауіпті маусым басталғанға дейін орман және дала өрттері туындаған жағдайда мемлекеттік орман қорының іргелес жерлерінде қызметін жүзеге асыратын ауылшаруашылығы құрылымдарымен және басқа да шағын және орта бизнес субъектілерімен күштер мен құралдарды тарту жөнінде шарттар жасасты.
Орман шаруашылығы мекемелерінің аумағында су алатын 199 орын бар, оның ішінде 60 – пирстермен жабдықталған табиғи су айдындары, 71 жасанды су айдыны, 60 гидрант ұңғымасы және 8 жел сорғышы бар, олар тексерілген, жарамды күйде. Қарамағында мекеме карталарымен жабдықталған, азимуталды шеңберлермен, бинокльдермен, байланыс құралдарымен белгіленген 29 өрт-бақылау мұнарасы бар. 23 өрт-бақылау пункті жұмыс істейді. Орман шаруашылығы мекемелері 2183 рейд жүргізді.
«Жасыл» технологияларды енгізу және орман мекемелерінің аумағында ресурсты үнемдеу жүйесін құру мақсатында 8 жел сорғыш орнатылды. Үнемі толтырылған су резервуары өртті тиімді сөндіруге мүмкіндік береді. Орман шаруашылығы мекемелерінің барлық пайдаланылатын көлік құралдарына мониторинг және бақылау жүйесі (GPS) орнатылған. Отырғызу материалының ассортиментін кеңейту үшін қазіргі заманғы тамшылатып суару жүйесін қолдану арқылы ауданы 50 га «Ақкөл» ОШМ-де питомнигін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді, бұл суару кезінде суды 50-70%-ға дейін үнемдейді. 2013 жылдан бастап 2020 жылға дейін аналық плантацияларды құру және кейіннен облыстың және Көкшетау қаласының елді мекендерін көгалдандыруға сату үшін Тюмень қаласынан 25 мың данадан астам сәндік қылқан жапырақты және жапырақты ағаш көшеттері әкелінді.
Ел Президенті Қ.К.Тоқаев өзінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі практикалық шараларды іске асыруға кірісуді тапсырды, оның ішінде бес жыл ішінде орман қорына 2 миллиардтан астам және елді мекендерге 15 миллион ағаш отырғызу міндетін қойды. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында елорданың айналасында жасыл белдеу қалыптастыру мәселесі өткір тұрғанын атап өтті. Біздің Президентіміз Нұр-Сұлтан қаласының жасыл белдеуін құруды және Щучинск-Бурабай курорттық аймағының орман алқаптарын Нұр-Сұлтан-Щучинск тасжолының бойында екпелер жасау арқылы елорданың айналасындағы жасыл белдеумен байланыстыруды тапсырған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бағытын жалғастырып келетінін атап өткен жөн. Орман шаруашылығы мекемелері 2009-2018 жылдар кезеңінде автотрассаның екі жағындағы Шортанды, Ақкөл, Бұланды және Бурабай аудандарының жерлерінде 2,6 мың га алаңға орман дақылдарын отырғызды.
Көп жұмыс атқарылды, бірақ әлі де үлкен жұмыс күтіп тұр. Біздің облыс аумағының орман қоры бар болғаны 2,6% құрайтынын ескере отырып, жыл сайынғы орман дақылдарын отырғызу алаңдарын ұлғайту және ормандарды табиғи түрде қайта түлетуге жәрдемдесу, ағаш кесу көлемін қысқартуға, ормандарды қоқыстардан тазарту, елді мекендердің айналасында жасыл аймақтар құру, ормандарды өрттен қорғау бойынша шаралар қабылдау қажет.
Осы аталған іс-шараларды іске асыру облыстың табиғи кешенін сақтауға және көбейтуге мүмкіндік береді.

Руслан Әубәкіров,
Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий