Жас отбасыларға – тұрғын үй

Биыл өңірде «Ақмола жастары» бағдарламасы бастау алады. Оның шеңберінде 424 жас отбасыға арналған 6 үй салынады. Бес қабатты 4 және екі қабатты 2 тұрғын үйдің құрылысы биыл басталады. Пәтерлерге жасы 35-тен аспаған, Ақмола облысы аумағында тұрып, жұмыс істейтін жастар үміткер бола алады. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы берілетін қарыз ақшаның ең жоғары көлемі 10 миллион теңгеден аспайды. Бағдарламаның тиімді тұсы қарыз ақша бойынша сыйақы – 20 пайыз. Егер үміткердің «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» арнайы есеп-шотында 3 жылдық жинағы болса, онда қарыз ақшаның пайыздық мөлшерлемесі 5 пайыз, егер болмаса, несие бойынша пайыздық мөлшерлеме 7 пайыз болады.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий