Жас пікірсайысшылардың сөз жарысы

Көкшетауда «Тəуелсіз Қазақстан төртінші онжылдықта» жастар форумы өтті. Іс-шараға жастар қозғалысының жетекшілері мен көш -асшылары, еріктілер, жас кəсіпкерлер, ауыл балалары мен ел тəуелсіздігінің құрдастары қатысып, осы жылдар ішінде қол жеткізген табыстарымен бөлісті.

Өңірде «Жас кəсіпкер», «Жас Project» жəне басқа да бағдарламаларға қатыса отырып, жастар бизнесті белсенді дамытуда. Олар форумда өздерінің стартаптары туралы айтып берді. Ақан сері атындағы Көкшетау мəдениет колледжінің түлегі Ангела Кравченко өзінің табыс тарихымен бөлісті. Оның мамандығы – педагог-ұйымдастырушы, театрландырылған қойылымдар мен мерекелердің режиссері. «Қазір бұл өте қажет мамандық. Өнер əлемді құтқаратынына сенімдімін. Мен жұмысқа сүйікті хобби ретінде қарауды үйреткен ұстаздарымнан тəлім алдым. Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында жұмыс істедім. Қазір барлық мəдениет мекемелері – театр, филармония, мəдениет сарайларының штаттан тыс əкімшісімін», – дейді ол.

8-1

Ангела Көкшетауда екі шығармашылық студия ашты. Студия мерекелер мен көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетеді. «Елімізде инновациялық, қызықты, қажетті жобалар бар. Біз бес адамнан тұратын шығармашылық топ құрдық, жұмыс жоспарын жасадық. Олар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жоба ұсынып, театр студиясын ашты. Балалар мен жасөспірімдерге шығармашылық пəндерді, соның ішінде актер– деп бөлісті Ангела Кравченко. «Жас Project» аясында ұтып алынған гранттық қаражат – миллион теңгені ол құрал-жабдық сатып алуға жұмсаған. Жоба шарты бойынша алты ай ішінде əлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан, мүмкіндігі шектеулі, көпбалалы немесе толық емес отбасы балаларына қызмет көрсетілді. Ангеланың тағы бір стартапы – іс-шаралар мен мерекелерді ұйымдастыру жобасы «Жас кəсіпкер»жастар жобасының арқасында іске қосылды. «Мемлекет тарапынан жастарға қамқорлық жасалып жатқанына қуаныштымын, бұл табысқа жетуде жаңа мүмкіндік береді. Жаңа креативті жобаларымды іске асыруға құлшына кірісудемін. Мен сияқты шалғай елді мекенде білім алуға, шығармашылық жəне спорттық дағдыларды дамытуға ұмтылған жандар көп», – дейді жас бизнесвумен.

Форумда егемендіктің 30 жылдығына арналған негізгі іс-шаралар туралы Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Нариман Əбдірахманов айтып берді. Мəселен, өңірде «Игі істер марафоны» əлеуметтік жобасы табысты жүзеге асырылуда. «Ақылды ұрпақ» жобасы аясында жас ғалымдармен кездесулер өткізіледі. «Тəуелсіздік ұрпағы» – жас қазақстандықтардың табысын насихаттауға бағытталған. «Ауылдың гүлденуі» марафоны ауылдардың жетістіктерін көрсетуге бағытталған, оның аясында қазан айында ауылшаруашылық жəрмеңкелері ұйымдастырылды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында жергілікті атқа- рушы органдардың бірыңғай Ашық есік күні өткізіледі. Атақты палуан, жерлесіміз Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығы, ағартушы- педагог Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы, ақын Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы, Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығы, Семей ядролық полигонының жабылуының 30 жылдығы, Чернобыль апатының 35 жылдығы сияқты атаулы күндер де басты назарда.

Ақмола облысында тақырыптық іс-шаралар жоспары əзірленді, оған түрлі форматтағы 168 іс-шара, 69 əлеуметтік маңызы бар нысандар, сондай-ақ өнеркəсіп, туризм, мəдениет жəне басқа да кəсіпорындарды ашу кіреді. Спикер нақтылағандай, нысандар құрылысын қаржыландырудың жалпы сомасы 32 миллиард теңгеден асады.

«Тəуелсіз Қазақстан төртінші онжылдықта» жастар форумы аясында Қазақстан студенттер альянсы Ш.Уəлиханов жəне А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеттерімен мемо- рандумдарға қол қойды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий