Жаттығу алаңдары

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру мақсатында облыс орталығында бес бірдей street-workout  спорт алаңы жасалуда. Бұл шара Көкшетау қаласы әкімінің қолдауымен ұлттық олимпиада комитетінің бірлескен акциясы аясында жүзеге асырылуда.

DSC_9226

«Street-workout» – бұл турниктерде, брусияларда гимнастикалық жаттығулар жасайтын тұтас кешен. Спорттың бұл түрін дамытуға онша көп қаражат жұмсалмайды. Жастардың ықылас танытуының нәтижесінде қазірдің өзінде спорттың осы түрімен айналысатын екі командамыз бар. Жігіттер мен қыздарымыз қалада өтетін әртүрлі турнирлерге белсене қатысып, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуде. Жақында олар заңды тұлға ретінде тіркеу рәсімінен өткен сөң, ресми жарыстарға қатысу мүмкіндігіне ие болмақ. Қала әкімінің баспаcөз хатшысы Мырзабек Мырзахметовтың айтуына қарағанда, «street-workout»  алаңдары қазіргі таңда барлық облыс орталықтарында, ірі қалаларда көптеп жасалуда екен. Ондағы мақсат азаматтарды, әсіресе, жастарды бұқаралық спортпен айналысуға көбірек тарту. Бес алаң толығымен салынып, пайдалануға берілгеннен кейін жастармен жекелеген бағдарлама бойынша тұрақты жаттығу сабақтары өтетін болады.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс