Жауапкершілік бәсеңдемесін

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаевтың коммуналдық қызмет пен ведомстволар басшыларымен өткізген кеңесінде облыс орталығын абаттандыруға қатысты міндеттер талқыланды. Қала басшысы алдымен Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың өңірге жасаған сапары кезінде бөлімдер өздеріне жүктелген міндеттерге орай мүлтіксіз жұмыс істегендігін атап көрсетті. Алдағы уақытта да осындай ұйымшылдықтан танбау керек.

Жексенбі күні орын алған дауылдың зардабынан бірқатар аудандарда электр қуатымен жабдықтауда қиындықтар туындады. №14 орта мектептің шатырына аздап зақым келтірілді. Қала аумағында мұнан басқа пәлендей елеулі фактілер тіркелген жоқ. Қала әкімі аппарат кеңесінде лифт шаруашылығын тез арада қалпына келтіруді қатаң тапсырды. Бұл арада мердігерлік ұйымдармен өзара тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу керек. Қала тұрғындарын жоспарланған істердің уақытылы атқарылмағандығы жайлы дер кезінде хабардар еткен жөн.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс