Жақсы жұмыс нәтижесі – қалтқысыз қызмет ету

Қала әкімі Ермек Маржықпаев қалалық мекемелер, бөлімдер басшыларының қатысуымен өткізген кезекті жиынында үстіміздегі жылдың алғашқы жартысын лайықты қорытындылау жайын талқылады.
Шындығында, оған толық мүмкіндік, негіз бар. Бүгінгі таңда барлық негізгі көрсеткіштер қала дамуының ілгерілеуін көрсетіп тұр. Дегенмен, қол жеткенмен тоқталмай, жұмысты ширата түсу керек. Сонымен қатар қаланы абаттандыру қарқыны төмендемесін. Гүл егу мен оны күту биыл жылдағыдан бәсең. Кей алаңқайларда арам шөп жұлынбаған. Ағаш егу, өспей қалған ескі ағаштарды алып тастап, орнына жаңа көшеттер отырғызу мұқиятталсын. Көпқабатты тұрғын үйлер аулаларындағы гараждарды шығару бәсең жүруде. Тіпті, олар сол күйі тұрып, жөндеу жұмыстары жүргізілген аулалар бар. Құрылыстардың көше сәулетін бұзу фактілері әлі жолығуда. Осындай мәселелерді көтерген қала басшысы Е.Маржықпаев жауапты мекемелерге жазғы демалыс айларында есепте тұрған, тәртібі қиын балаларды көзден таса қылмауды, Қопа көлі жағасындағы жағажайды шұғыл түрде қалпына келтіріп, реттеуді, жолжиектерді тез арада жуып, ақтап, сырлауды тапсырды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс