Жаңарудың бастауы – ұлық Наурыз

«Достар» мәдениет сарайында ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы мен Наурыз мейрамына арнап өткізілген шарада кәмелетке толған аза-маттарға жеке куәліктер тапсырылды.

– Жеке куәлік алу – адам өміріндегі ерекше сәттердің бірі. Бұл дегеніңіз – сіздер балалық шақтан алыс-тап, үлкен өмірге қадам бастыңыздар деген сөз. Алдарыңызда үлкен асулар жатыр. Ең бастысы, дендеріңіз сау болып, елі­міздің гүлденуі жолында еңбек етіңіздер. Мемлекеттің келешегі – білікті жастардың қолында. Сіздер «Қазақстан азаматы» деген атқа лайық болып, Отан алдындағы азаматтық міндеттеріңізді адалымен атқарады деп сенеміз, – деді жастарға жеке куәлік тапсырған Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайылов. Қала басшысы Меруерт Берденбекқызы, Дулат Жұмагелдіұлы, Руслан Игоревич, Мирас Мейрамбекұлы, Анна Ковалева сияқты жастардың қадамына ақ жол тілеп, ел намысын биік ұстауға шақырды.
Шара барысында Ұлыстың ұлы күніне орай күй төгіліп, ән шырқалды.
***
Көкшетау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдас-тыруымен Наурыз мерекесіне орай электронды қалалық кітапханада «Жаңарудың бастауы – ұлық Наурыз» атты іс-шара өтті.

Мерекелік шараға қатысқан Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайылов еріктілер қатарындағы көпсалалы азаматтық колледжінің электронды кітапханасының меңгерушісі Ангелина Наенко мен «Думан» педагогикалық командасының үйлестірушісі Омар Бекинді атқарған игі істері үшін марапаттады. Осы тұста қала әкімі ерік-тілер қатарына пандемия кезінде жағдайы төмен отбасыларға көмек қолын созғандары, сондай-ақ, түрлі қайырымдылық шараларын өткізгендері үшін алғысын айтты. Әкім жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, шағын сұхбатқа қатысты. Шара барысында жас маман Н.Қыстаубай көрермендерге кітап көр-месін таныстырып, Наурыз мерекесіне байланысты тың ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, этноқолөнер орталығының жетекшісі Гүлнәр Орынбаева жүннен жасалған киіз бұйымдардың жасалу жолдарымен таныстырып, шағын шеберлік сағатын өткізді.

* * *
Ақмола облыстық филармониясында Наурыз мейрамына арналған мерекелік қойылымдар көрсетілді. Алдымен шараға қатысу-шылар қазақ халқының ұлттық киімімен келген қонақтарды сән-салтанатпен қарсы алып, «Көрісу» мерекесімен құттықтап, көпшілікті алтыбақан тебуге шақырды. Филармония жанындағы киіз үйде мерекелік дастархан жа-йылып, наурыз көжеден дәм татылды. Дәл осы сәтте қазақтың «қолға су құю» дәстүрінен үзінді көрсетіліп, ақ дастарханға бата берілді. Мерекелік концерттің шымылдығын ашқан Төлеген Аманов Иса Байзақовтың «Желдірме» әнін төгілте шырқап берді. Ақан серінің «Балқадиша» әнін Жұлдыз Мұқышева мен Беркімбек Зарапұлы көпшілікке тарту етті.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий