Жаңарған «Көкшетау» жайлы қызмет көрсетуде

Облыс орталығындағы Абылай хан алаңында күрделі жөндеуден өткен «Көкшетау» қонақүй-мейрамхана кешені қайта ашылып, келушілерге жайлы қызмет көрсетуде.

Өткен аптада қала әкімі Амангелді Смайылов ғимаратқа жүргізілген жөндеу жұмыстарымен танысты. «Келешек-2030» ЖШС директоры Көгершін Бексұлтанова қала басшысына бөлмелер, таңғы ас аймағы, мәжіліс залы, кофехана және қонақүй мейрамханасын аралатып көрсетті. Баспа үйінің күшімен ескі қонақүй жаңаша кейіпке енді.hzPVfO9NYhI
Қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Андрей Подгурскийдің айтуынша, жөндеу жұмыстарына 1,5 млрд теңге қаражат жұмсалған. Жобаны іске асыру үшін кәсіпкер «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде «Халық Банк» арқылы несие рәсімдеген. Мемлекет қолдауының арқасында жылдық мөлшерлеме 13,5%-дың 6%-ын төлейді. «Даму» қоры да жобаны қолдап, 180 млн теңге көлемінде кепілдік берді.
«Көкшетау» қонақүйі қайта жаңартылғаннан кейін әртүрлі кластағы 45 нөмір жұмыс істейді: «Premium» (тәулігіне 48 мың теңге), «Grand», «FamilyRoom», «Apartments» (35 мың), «Standard» (12 мың) және 300 төсек-орынға арналған хостел (тәулігіне 2 мың теңге). Интерьер бірыңғай стильде жасалған. Безендіруде ашық түстер мен заманауи өнер элементтері қолданылған. Бұл жұмыстарға жергілікті дизайнерлер тартылған. Бөлмелер тегін Wi-Fi, кондиционер, мини-бар және тоңазытқыш, сейф, Смарт-ТВ, үтіктеу керек-жарақтары, ортопедиялық мат-рац, жеке гигиеналық құралдар жиынтығы, фен, қалалық телефонмен жабдықталған. Бұдан басқа электронды жеткізу жүйесі орнатылған. Саябақ пен көлге қаратылған панорамалық терезелер ерекше үйлесім тапқан. Таңғы ас стандарттан басқа барлық бөлмелердің бағасына кіреді. Қонақүйде қала тұрғындары мен қонақтарына заманауи дыбыстық жабдықтары мен кең сахнасы бар үлкен мейрамхана жасақталған. Ол тек мерекелерде ғана емес, презентациялар немесе форумдарда да жұмыс істейді. Лаундж-барда арнайы балалар ойын бөлмесі қарастырылған, шыны қабырғалардан ата-аналар балаларын көріп отырады. Қонақүйде жақын маңдағы кеңсе қызметкерлері үшін асхана жұмыс істейді, бағасы да қолжетімді.
Қонақүй кешенінде алғашқы қонақтар легі де қоныстанып үлгерген. Олар жөндеу мен сервиске дән риза. Қонақүй иелерінің айтуынша, жаңарған «Көкшетау» биыл облыс орталығында өтетін Қазақстан мен Ресей ынтымақтастIMG_20210219_145341ығы форумының қонақтарын қабылдауға толық дайын.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий