Жаңа автобустар жолға шығады

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев ресейлік «Vektor Next» және «Kursor» жаңа автобустарының таныстырылымына қатысты.

«Вираж» компаниясының коммерциялық директоры Ермек Ескергенов жаңа өнімнің артықшылықтарына жан-жақты тоқталды. Оның айтуынша, «ГАЗ» автобустары датчиктер, ақпарат тақтасы, навигаторлармен жабдықталған. Жаңа көлік құралдарының құны сыйымдылығына қарай 30-дан 42 миллион теңге аралығында. Сондай-ақ, автобустар мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы. Жаңа көліктердің алғашқы легі Мәскеуден Алматы мен Ақтөбе қалаларына жеткізілмек. Транспортты кредитке, лизингке алуға болады. Автопаркті жаңарту уақыт талабы екендігін атап өткен қала әкімі Е.Маржықпаев кәсіпорын басшыларына жаңа автобустарға тапсырыс беру қажеттілігін ескертті.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий