Жаңа автобустар жолға шықты

Өткен аптадан бастап Красный Яр мен Нұрлы Көш ауылдарына Yutong маркалы он жаңа, жайлы автобустар қатынай бастады.

Красный Яр селолық округінде халық саны жыл санап артып келетіндіктен, жолаушылар тасымалы мәселесін шешу қажеттілігі туындауда. «Қолайсыздық тудырмау және ыңғайлы сапар үшін жолаушыларға көлік карталарын алдын ала сатып алу ұсынылады. Жаңа автобустарда жол жүру ақысын бақылау үшін валидаторлар орнатылады», – дейді «Көкшетау автобус паркі» ЖШС директоры Әсия Шәрімова.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «Көкшетау автобус паркі» ЖШС Yutong маркалы 44 автобус сатып алды. Жолаушылар сыйымдылығы үшін тағы 30-ға жуық автобус сатып алу жос-парлануда. Қоғамдық көліктер Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» зауытында құрастырылды. Автобустар мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін ыңғайлы етіп жасалған.
«Жолаушылар ағынының үлкен болуына байланысты Красный Яр селосының тұрғындары үшін сыйымдылығы үлкен автобустар сатып алынды. Нұрлы көшке №13 бағыт бойынша жаңа автобус-тар жүретін болады. Жаңа автобустардың ерекшелігі: мұнда бейнебақылау камералары мен салонды кварцтау шамдары орнатылды. Коронавирус пандемиясына байланысты жолаушылар қауіпсіздігі біз үшін өте маңызды», – дейді Әсия Шәрімова.
Автобус көлемінің ұлғаюына байланыс-ты сыйымдылығы 90 адамға дейін жетеді. Ескі модельдерде де осындай көрсеткіштерге қол жеткізуге болады, бірақ онда жолаушылардың көптігінен адамдардың еркін жүріп-тұра алмайтыны белгілі.
«Жаңа автобустардың терезелері қалың, пеші де қуатты, демек ол жылы болады. Кіріп-шығуда ешқандай кедергі жоқ. Бұл жолаушыларға ыңғайлы болу үшін жасалған. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін клиринс бар, яғни автобус аялдамаға келгенде, батырманы басамыз, ол оң жағына қарай еңкейіп, мүгедектер арбасына және үлкен арбалары бар жас аналарға кіруге ыңғайлы жағдай жасайды», – дейді жүргізуші Сергей Виноградов.
Адамдар көп жүретін уақытта автобус жиілігі арттырылатын болады.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий