Жаңа автобустар сынақтан өтуде

Облыс орталығындағы жолаушылар көлігі паркін жаңарту мақсатында «Евро-5» жанармайымен жүретін «Волгабус Ситиритм» және «КАВЗ-4270»  маркалы автобустары қалаішілік маршруттарда сынақтан өткізілуде. «Көкшетау автобус паркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Әсия Шәрімованың айтуынша, автобустар қаладағы № 1, 3, 4, 5, 6, 8, 9, 10, 14, 16 және 25 бағыттарда бір апта бойы жолаушыларға қызмет көрсетеді.

«Осы аралықта жолаушылар тегін тасымалданатын болады. Бұл жоба қалалық әкімдіктің «Көкшетау қаласында жолаушылар көлігін жаңғырту» жобасы шеңберінде қолға алынып отыр. Аталмыш жоба бойынша қолданыстағы автобустардың 40-50 пайызын, яғни тозығы жеткен көліктерді ауыстыру қарастырылған», – дейді серіктестік директоры Ә.Шәрімова. Осыған дейін аталмыш автобустардың тұтынушылық пайдалану мерзімі жəне экономикалық мүмкіндіктері сараланып, қоғамдық тыңдаулар өткізілген еді. Осы орайда, Көкшетау қаласы бойынша «Евро-5» талабына сай үлкен жəне шағын автобустардың екінші легі жолаушыларды тасымалдауға кірісті. Жаңа көліктер бейнебақылау, кондиционер, сымсыз интернет желісі және жылыту жүйесімен жабдықталған. Көкшетаулықтар бір апта автобустарда тегін жүреді. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін көтергіш те бар. Жалпы, сынақ мерзімі арқылы бұл автобустардың қалаға жарайтын-жарамайтыны анықталады. Содан кейін ғана диллерлер мен автобус шығарушылар қалалық әкімдіктің шешімімен қандай автобустардың қолданысқа қажет екенін анықтайтын болады.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий