Жаңа автобустар сынақтан өтуде

Облыс орталығындағы жолаушылар көлігі паркін жаңарту мақсатында Ресейдің «Рари ТЭК ЖМЗ» компаниясының Lotos маркалы автобустары қалаішілік маршруттарда сынақтан өткізілуде. Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев қалалық мәслихат депутаттарымен бірге жаңа автобуспен қала көшелерінің бойымен жүріп өтті.

DSC_5180«Көкшетау автобус паркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Әсия Шәрімованың айтуынша, барлық автобустар газбен жүреді, Еуро-5 стандарты төмен еденді, ауа баптағыш, жылыту жүйесі, GPS, ақпарат тақтасы, пандус, бейнебақылау камералары мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін мініп-түсуге арналған аппарельмен жабдықталған. Адамдардың отыруына өте ыңғайлы. Олар 70 жолаушыға дейін тасымалдай алады. Аталмыш автобустар қаладағы №1, №10 және №16 бағыттарда бір апта бойы жолаушыларға қызмет көрсетеді. Осы аралықта жолаушылар тегін тасымалданатын болады. Бұл жоба қалалық әкімдіктің «Көкшетау қаласында жолаушылар көлігін жаңғырту» жобасы шеңберінде қолға алынып отыр. Аталмыш жоба бойынша қолданыстағы автобустардың 40-50 пайызын жаңарту қарастырылған. Осыған дейін аталмыш автобустардың тұтынушылық пайдалану мерзімі жəне экономикалық мүмкіндіктері сараланып, қоғамдық тыңдаулар өткізілген еді. Осы орайда қала бойынша жаңа автобустардың алғашқы легі жолаушылар тасымалдауға кірісті. Қала әкімі автобустардың еуроэкологиялық талаптарға сай екенін айта келе, кейбір кем-кетігін де компания басшыларына ескертіп өтті. «Автопаркті жаңарту уақыт талабы. Алайда жаңа көліктер жан-жақты тексерістен өткізілуі тиіс. Осы орайда, жолаушылардың пікірі де ескеріледі», – деді қала басшысы.DSC_5169

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий