Жаңа билеттер тапсырылды

Көкшетауда балаларға арналған №1 облыстық арнайы түзету мектеп-интернатының қызметкерлеріне салтанатты түрде партиялық билеттерді тапсыру рәсімі өтті.

«Нұр Отан» партиясы Көкшетау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зәуреш Нұрымова әріптестеріне жаңа үлгідегі 60 билетті табыстап, істеріне сәттілік тілей отыра, тығыз байланыс орнатуға шақыр-ды. Бұдан кейін аталмыш ұйымның директоры Аян Қасенова сөз алып, мектеп ұжымының алдағы уақытта да «Нұр Отан» партиясының Жарғысын және бағдарламалық құжаттарын қатаң сақтайтынына, партиямен тиімді қарым-қатынас орнатуға мүдделі болатынына сендірді. Сонымен қатар, партиялық билеттерді тапсыру «Денсаулық» бастауыш партия ұйымында да өтті. Партия тобының төрағасы, қалалық емхананың бас дәрігері Ғалия Сабатаева жаңа мүшелерге 120 билет тапсырды. Бүгінгі таңда Ақмола облысы бойынша «Нұр Отан» партиясының қатарына 45 мыңға жуық адам біріктірілген.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс