Жаңа жұмыс орындары ашылады

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 11 252 ақмолалық жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Бағдарламаны жүзеге асыруға 45 миллиард теңге бөлінеді.

Бүгінгі таңда 4 бағыт бойынша 332 жобаның тізімі дайындалды. Карантин кезінде жұмыссыз қалған ақмолалықтар аз емес. Сондықтан, жұмыспен қамту орталықтары бүгінде жұмыссыздардың тізімін жасақтап, бағдарлама аясында үгіт-насихат шараларын онлайн режимде жүргізуде.
Карантинге байланысты жұмыспен қамту орталығы мамандарының 50 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшірілген. – «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында Көкшетау қаласы бойынша 50 жоба жүзеге асырылмақ. Барлығы 3 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Оның 1,5 мыңы жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа тартылуы тиіс, – дейді Көкшетау қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Уақыт Бейсенбаев.
Орталық директоры жұмыс іздеушілерге жергілікті жұмыспен қамту орталықтарының электронды жүйесін толығымен пайдалануға кеңес береді. Ал, ірі қалаларда еңбек етіп, жұмыссыз қалған жас-тар өз елді мекендерінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында орналаса алады. Ол үшін жастарға біржолғы 85 мың теңге көтерме ақы төленеді.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында облыста 332 жоба жүзеге асырылады. Инфрақұрылым-дық жобалар 4 бағытта қарастырылған. Басымдық әлеуметтік салаға беріліп отыр. Сонымен қатар, тұрғын үй-коммуналдық бағытта 61 жоба, елді мекендерді абаттандыру бағытында 21 жоба қарастырылған. Бағдарлама аясында жұмысқа тартылғандарға 85 мың теңгеден кем еңбекақы төленбейді.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында өңірде барлығы 11 252 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Ал, бағдарлама аясында іске қосылған 12 жоба тұрақты 441 жаңа жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік бермек.

Өз тілшіміз.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий