Жаңа көпір салынады

Көкшетаудағы Қопа көлінің жағалауы аумағында жаңа көпір салынады. Қала әкімі Амангелді Смайылов көпір құрылысының алғашқы қада қағу рәсіміне қатысты.
Тамыз айынан бастап жобаның бірінші кезеңі басталды. Бұл Қан орталығынан Қылшақты өзеніне дейінгі аралықты қамтиды. Көпір құрылысы да осы жобаға кіреді. Тамыз айы-нан бері жерді тегістеу жұмыстары жүргізілген. «Сервис НС» компаниясы қалада екінші көпір құрылысын қолға алып отыр. Бұл қала тұрғындары үшін өте маңызды нысандар. Жобаның екінші кезеңі 2021-2022 жылдары жүзеге асырылады. Ол Қылшақты өзенінен Кенесары көшесіне дейінгі аумақты қамтиды. Қазіргі уақытта жер учаскелері алынуда. «Кенесары көшесінен Қан орталығына дейінгі жағалаудағы үйлер түгел сүріліп, велосипедшілер жолы, әртүрлі демалуға қолайлы әлеуметтік нысандар салынады. Бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен, үздіксіз жүргізіле бермек», – деді қала әкімі Амангелді Смайылов.
Мұнан соң мердігер компанияның құрылысшылары көпірдің алғашқы қадасын қақты. Аталған мақсатқа 650 млн теңге қаражат бөлінген. «Сервис НС» компаниясының учаске бастығы Виктор Казенныйдың мәлімдеуінше, көпір құрылысы келер жылдың қыркүйек айында аяқталады деп жоспарланған: – Көпірдің ұзындығы 72 метр, ені 32 метр. Қазіргі уақытта бұрғылау жұмыстары жүруде. Бұдан соң құрылыс жұмыстарына 40 адам жұмылдырылады. Қажетті техника дайын. Біздің компания қолға алған Ғабдуллин көшесіндегі көпір құрылысы қараша айында аяқталып, пайдалануға беріледі.

Әсем ЖҮНІС.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий