Жаңа маусымның жаңа хабарлары

Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-де «Қазақстан» РТРК АҚ «Көкше» телеарнасының биылғы жаңа маусымдағы жаңа хабарлары таныстырылып, КМУ мен «Көкше» арнасы өзара меморандумға қол қойды.
Филиал директоры Ә.Татанов келер жылы 20 жылдық мерейтойын атап өткелі отырған арнаның өткен тарихына қысқаша тоқталып, алдағы жаңа маусымда ашылатын жаңа хабарлар туралы баяндап, хабар таратудың тәулігіне әуелі 14 сағатқа жеткізілгенін, осы жылдың ақпан айынан бастап барлық спутниктік желілерде 18 сағатқа дейін ұлғайтылғанын айтты. Көрерменге жол тартар жаңа хабарлардың атаулары мен мақсаттары, көтерер тақырыптары, авторлары туралы мәлімет үлкен экраннан бейнероликтен көрсетілді.
Университет ректоры М.Сырлыбаев бұқаралық ақпарат құралдарының ел дамуына қосар үлесі туралы айта келіп, оқу орны ғалымдары мен студенттерінің өңірлік телеарна түсірілімдеріне белсенді қатынасатынын, ол үрдістің оң ықпалының зор екендігіне тоқталды.
Қазақстан Журналистер одағы Ақмола облыстық филиалының төрағасы С.Жетпісқалиев арна тілшілеріне жаңа маусымда сәттілік тілеп, пікірлерін ортаға салды. Одан әрі «Көкше» телеарнасының директоры Ә.Татанов пен Ш.Уәлиханов атындағы КМУ ректоры М.Сырлыбаевтар сахнаға шақырылып, екі басшы өзара меморандумға қол қойды.
Жиылған көрермен қауым мен тележурналистердің назарына оқу орнының студенттері тартымды концерт ұсынды.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий