Жаңа міндеттер айқындалды

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев кезекті аппарат кеңесін өткізіп, мемлекеттік мекемелер, коммуналдық кәсіпорындар басшыларына экономика мен қаржы, кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы және ветеринария мәселелеріне жетекшілік ететін өзінің жаңа орынбасары Ұлан Серікұлы Сарқұловты таныстырды. Әкімнің жаңа орынбасарына қаржы тәртібі мен қаражатты дер кезінде игеру мәселелеріне тұрақты бақылау жасау жөнінде бірқатар міндеттер жүктеді. Бұдан кейін аппарат кеңесінде қаланы абаттандыруға қатысты ағымдағы маңызды мәселелер талқыланды. Қала басшысы «тазалық бейсенбіліктерінің» пайдалы екендігін атай келе, бұл жақсы дәстүрді алдағы уақытта да жалғастыру қажеттігін ескертті. Жолдарды жөндеу,
аулаларды абаттандыру жұмыстарының барысы жайлы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы транспорты және автомобиль жолдары бөлімінің жетекшісі Е.Қарағаев хабарлама жасады. Бұл бағыттағы барлық жұмыс жоспарға сәйкес жүргізілуде. «Алтын ғасыр» сауда үйі жанындағы алаңды жөндеу екі-үш күннің ішінде аяқталады. Қала әкімі коммуналдық қызмет салаларына көшелерді жинау, күл-қоқысты тазарту, арамшөптерді отау сияқты жұмыстарды үзбей жүргізіп, күн сайын мониторинг жасауды тапсырды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс