Жаңа нысандар – ел игілігіне

Жиырма жылдың ішінде облыс аумағында 58309 шаршы метрді құрайтын 20 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 755 отбасы пәтерлі болды. Мұндай үрдіс Көкшетау қаласында да кең қанат жайған. Соңғы екі-үш жылда «Сарыарқа» мөлтек ауданы бой көтерді. Мұнда қазірдің өзінде оншақты көпқабатты тұрғын үйлер, балабақша салынып, пайдалануға берілді.
Облыс аумағында кішкентай бүлдіршіндерді балабақшамен қамтамасыз ету де сәтті шешім тапқан. Айтар болсақ, жиырма жылдың ішінде 154 балабақша мен 377 шағын орталық ашылды. Нәтижесінде 25 мың бала мектепке дейінгі білім алу және тәрбиелеумен қамтылды.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Көкшетауда бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысандардың ашылу салтанатына қатысты. Өңір басшысы өндіріс орындарын аралап, еңбек ұжымдарымен кездесті. Сапар кезінде Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев, соғыс және еңбек ардагерлері, зиялы қауым өкілдері бірге болды.

Өңір басшысы алдымен Красный Яр селосында жақында іске қосылған №2 блоктық-модульдық бу қазандығында болды. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қолға алынған аталмыш нысан құрылысының құны 898 миллион теңгені құрап отыр. Іске қосылған жылыту агрегатының ескілерден айырмашылығы – оның автоматты түрде басқарылуында. Селодағы 2 жарым мың абонент, 23 көппәтерлі тұрғын үй мен 6 әлеуметтік-мәдени нысандар осы қазандыққа қосылды. Биыл да жергілікті биліктің қолға алуымен селода біршама оң өзгерістер, игілікті істер қолға алынған. Ұзақ жылдар бойы жөнделмей, тозығы жеткен орталық алаңда көркейту жұмыстары жүрізілді. Алаң аумағы түгелдей асфальтталып, гүлзарлар отырғызылды, субұрқақ орнатылып, 5 көше жарықтандырылды. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында селода 3 тұрғын үй қалпына келтірілді. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында облыс орталығында 45 пәтерлік 2 тұрғын үй пайдалануға берілді. Облыс әкімі С.Кулагин болашақ тұрғындарды жаңа қоныстарымен құттықтап, тұрғындарға пәтер кілттерін табыс етті.
Жалпы, облыс бойынша жиырма жыл ішінде аумағы 58309 шаршы метрді құрайтын 20 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 755 отбасы пәтерлі болды. Бұл жолы пайдалануға берілген тұрғын үйлер облыс орталығындағы «Сарыарқа» мөлтек ауданында «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы бо-
йынша салынып отыр. Көпқабатты жаңа тұрғын үйден баспаналы болып отырғандардың дені жас және көпбалалы отбасылар, бюджеттік сала қызметкерлері және үй кезегінде тұрғандар. «Сегіз жылдан бері пәтер кезегінде тұрдым. Тәуелсіздік мерейтойы қарсаңында баспанаға қол жеткізгенімізге өте қуаныштымыз. Жаңа пәтерімізді бала-шағамызбен бірге аралап көрдік. Құрылыс жұмыстарының сапасы көңілімізден шықты. Қонысымыз отбасымызға қуаныш әкеліп, ұрпақтарым бақытқа бөлене берсін. Облыс, қала басшылығына қамқорлықтары үшін айтар алғысымыз шексіз», – дейді қуанышымен бөлісті қала тұрғыны Рима Баймағамбетова.
Өңір басшысы бұдан соң «Қазақстандық ауылшаруашылығы және коммуналдық техникалар индустриалдық-технологиялық паркі» инвестициялық жобасының іске асырылу барысымен танысты. Беларусь пен Қазақстан машина жасау саласында нәтижелі әріптестік орнатқан. Көкшетауда ауылшаруашылығы және коммуналдық техникаларын шығару алаңы іске қосылды. Қазір кәсіпорында шығарылатын сапасы жоғары отандық техникаға еліміздің барлық өңірлерінен сұраныс артқан. Тракторлардан бөлек жүк көліктері мен арнайы мақсаттағы машиналардың да бірнеше түрін шығаратын кәсіпорын тапсырысқа сай біртіндеп қуаттылығын арттырып, қарқын алып келеді. Үдемелі индустриялық-инновациялық жоба шеңберінде серпін алып келе жатқан өндіріс ошақтарының бірі – «Көкшетау минералды сулары» зауыты. Еліміз тәуелсіздік алған 1991 жылы құрылған кәсіпорында бүгінде өндірілетін өнім түрлері ғана емес, олардың сапа көрсеткіштері де еселеніп, бәсекеге қабілеттілігі арта түсті. Сан мен сапаны қатар үйлестірген минералды су зауыты Ресейдің 5 облысына отандық өз өнімін шығарады. Әлем назарындағы Астананың рыногына ену кез келген тауар өндіруші үшін үлкен мерей. Еліміздің солтүстік өңіріндегі сусын өндірісінің көшбасшысы «Көкшетау минералды сулары» зауыты алғашқы күннен бастап бас қала тұрғындарының құрметіне бөленген ұжым болып табылады. Бүгінде кәсіпорын саны мен сапасы келіскен жүзден аса өнім түрін шығарады. Сондай-ақ, былтырғы жылдың соңына дейін су құйылып келген шиша шетелден импортталған болса, биылдан бастап зауыт бөтелкелерді де өздері шығара бастаған. Яғни, «Turan» жүз пайыз отандық өнімге айналды. Енді «Азия Су» халықаралық холдингтің құрамына енген кәсіпорын өнімдерін Азия елдеріне шығармақ.
Бұл күні облыс әкімі С.Кулагин сүт және ірімшік өңдейтін жаңа зауыттың ашылу салтанатына қатысты. «Нəтиже» кəсіпорнының қуаты тəулігіне 40 тонна сүт жəне сүт өнімдерін өңдеуге жетеді. Жобаның құны 500 миллион теңгені құрап отыр. Зауыттың ашылуына орай 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Айта кетейік, биыл облыс орталығында өңірлік индустрияландыру картасы шеңберінде құны 2 миллиард теңгеден астам 7 жоба жүзеге асырылды. Осының нәтижесінде 200-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды. Мереке қарсаңында облыс орталығында 240 орындық «Мирас» жаңа балабақшасы ашылды. Салтанатты шарада облыс әкімі Сергей Кулагин балабақша ұжымын, балалар мен олардың ата-аналарын әлеуметтік нысанның ашылуымен құттықтады. «Мирас» балабақшасы соңғы үлгідегі талаптарға сай етіп тұрғызылған. Екі қабатты ғимараттың бөлмелері кең, әрі жарық. Музыкалық зал, ән-саз сабағы және дене шынықтыруға арналған арнайы бөлмелер жаңа заман талабына сай жабдықталған. Ойыншықтар, оқу және көрнекі құралдармен толық қамтылған. Балабақша ауласында балалардың белсенді қимылдауына арналған шағын сәулеттік нысандар, спорттық ойын алаңы орналасқан. Айта кетейік, Ақмола облысында соңғы 20 жыл ішінде 154 балабақша мен 377 шағын орталықтар ашылған. Бүлдіршіндер үшін 25 мыңнан аса орын ашылып, балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 11 есеге артқан. Әлеуметтік саланың дамуына бизнес құрылымдар да атсалысуда. Бүгінгі күні мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 7 мың орындық 68 балабақша ашылған. Сапар соңында өңір басшысы қала орталығында осызаманғы сәулет үлгісімен салынған мейрамханасы бар қонақ үй кешенінде болды. Жоба құны 500 миллион теңгеге бағаланған. Қалалықтар мен қала қонақтары үшін мұнда заманауи жабдықталған 26 қонақүй бөлмелерінен бөлек мейрамхана, караоке мен кофейня залдары жұмыс істейді. Жаңа қонақ үйдің іске қосылуы нәтижесінде 50 адам жұмыспен қамтылып отыр. – Мұндай көрнекті нысандардың ашылуы – қаланың экономикасы ілгері дамып келе жатқанын білдіреді. Осынау тамаша нысан алдағы мереке Тұңғыш Президент күніне және келер жылы өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне ерекше тарту болып отыр,–деді өңір басшысы.

Әсем ЖҮНІС.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс