Жаңа оқу жылына жаңартылған оқулықтармен

Жаңа оқу жылын өңірдің 4, 9 және 10 сынып оқушылары жаңартылған бағдарламасы бар оқулықтармен бастайды. Оның 600 000 данасы 20-шы тамызға дейін барлық білім ошақтары-на жеткізіледі. Облыстық білім басқармасы бас-шысының орынбасары Валерий Гамазовтың айтуынша, мектепке дейінгі білім мекемелерінің 614 нысанына және 500 мектепке ағымдық жөндеу жүргізілді. Бұл мақсаттарға 1 млрд. теңге бөлінді. Биыл өңірдің 9 мектебіне, 2 колледжге күрделі жөндеу жасалып жатыр. Жөндеу жұмыстары аяқталып қалды. Облыстың 557 білім ошағы 124 мың оқушыны қабылдайды, ал колледждер 21 000 студентке есігін ашады. Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін балабақшалар мен мектептер бейнебақылау камераларымен келесі жылы толық жарақтандырылмақ.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий