Жаңа оқу жылындағы өзгерістер

Бастауыш сынып оқушылары «кезекші сыныптарда» топта 15 баладан оқиды. Соңғы мәліметтер бойынша, 530 мың баланың ата-анасы оффлайн оқуға өтініш берген, бұл оқушылардың жалпы санының 15%. 5% – шағын жинақтаушы мекемелерде білім алатын оқушылар, олардың саны – 202 мың. Дегенмен, кезекші сыныпта дәстүрлі форматта білім беру барысына бірнеше қатаң талап қойылады. «Кезекші сыныптар дәстүрлі форматта оқиды десек те бірнеше қатаң талап қойып отырмыз. Өйткені, біз үшін ең бастысы – қауіпсіздік мәселесі. Сондықтан, біріншіден үзіліс әртүрлі уақытта болады. Сабақтың басталуы да әртүрлі уақытта жүргізіледі. Екіншіден, қыркүйекте сабақ ұзақтығы 40 минутпен шектеледі», – деді министр Асхат Аймағамбетов. Оның атап өтуінше, кезекші сыныптарда санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс.«Балалар бір кабинетте ғана оқиды. Әдеттегідей бір кабинеттен екінші кабинетке көшіп оқуға жол бермейміз деп шештік. Әр күн сайын термометрия жүргізіледі. Жуу, желдету режимі бойынша тиісті талаптар қолданылады. Шағын жинақталған мектептерде дәстүрлі білім беру барысына да осы талаптар қойылып отыр. Бұған қоса, бір сыныпта 25-30 бала болатын болса, онда оларды 15 баладан аспайтын топқа бөлу керек деген шешім қабылдадық. Осы шешім аясында жұмыс жүргізіледі», – деді Асхат Аймағамбетов.Бүгінде жалпы республика бойынша, 2,6 млн оқушы бар. Олардың 80% қашықтан оқиды. «Оның екі жолы бар – интернет немесе теледидар арқылы. «Ел арна» мен «Балапан» арналары 9 сағатқа дейін телесабақ көрсетуге дайын. Қазір түсірілімдер жалғасуда», – деді министр. Ал, қашықтан оқыту 8 интернет платформада жүргізіледі. Оның атап өтуінше, осы платформалардың ыңғайына байланысты, беріп отырған мүмкіндігіне байланысты мектептер, қалалық, аудандық білім бөлімдері шешім қабылдап, келісімшартқа қол қояды және сол платформамен жұмыс істейді. «Екінші бағытта балаларға телеарналар арқылы сабақ беріледі. «Ел арна» және «Балапан» телеарналары телесабақтарға тәулігіне 9 сағатқа дейін эфир бөліп отыр», – деді министр.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий