Жаңа прокурор қызметіне кірісті

Қала әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен өткен актив отырысында облыс прокуроры Тимур Тәшімбаев Көкшетау қаласының жаңа прокурорын таныстырды.

Ол жаңа қызметке тағайындалған Қуат Абдыхановқа айрықша бақылауға алуды қажет ететін үлескерлік құрылыс, азаматтардың құқығын қорғау, қоғамдық-саяси жағдайға баса назар аудару қажеттігін айтты. Әділет полковнигі Қуат Абдыханов 2009 жылдың мау-сымынан осы уақытқа дейін Бас әскери прокуратураның қоғамдық пікірді қорғау басқармасының басшысы болып жұмыс атқарды. 1978 жылы Жезқазған облысының Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары Қарағандыда Қазыбек би ауданы прокурорының көмекшісі, Қарағанды облысы мен Астана қалаларында басқарма прокуроры, Бас прокуратураның департамент бөлімінің аға прокуроры қызметтерін атқарған. Қоғамдық тәртіпті сақтауға қосқан үлесі, жетістіктері үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі – 17 жыл. Қала басшысы Ермек Маржықпаев жаңа прокурордың жұмысына сәттілік тілеп, құқық қорғау саласындағы ортақ мәселелерді бірлесе шешуді ұсынды.

 

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий