Жаңа пәтердің кілтін алды

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Ұлы Отан соғысының ардагері, «Алеф» еврей мәдени орталығының төрағасы, танымал журналист Моисей Гольдбергті 90 жасқа толуымен құттықтап, Ақмол селосындағы екі бөлмелі жаңа пәтердің кілтін тапсырды.

Қазақ журналистикасы ардагерлерінің көшбасшысы саналатын Моисей Михайлович тоқсанды алқымдаса да қоғамдық жұмыстардан қол үзбей, әртүрлі этнос арасында достықты нығайтуға, жастарды отаншылдық сезімге тәрбиелеуде белсенділік танытып жүр. Украинаның Мелитополь қаласында туған М.Гольдберг отбасымен бірге 1941 жылы Қазақстанға көшірілген-ді. Сол сәттен бастап оның саналы ғұмыры қазақ елімен, Ақмола өңірімен тығыз байланыста болды. Осы жерден майданға аттанып, зұлым жаумен ерлерше шайқасты. Мүгедектігіне байланысты елге оралған майдангер әуелі Павлодар облыстық «Большевистский путь» газетінде тілші болып істеді. Журналистика саласындағы шежіреге толы жолдары ТАСС ақпараттық агенттігінің Ақмола облысы бойынша тілшісі қызметімен жалғасты. Кез келген журналистің пешенесіне бұйырмайтын бұл мәртебелі қызметті ол 1953-1965 жылдар аралығында атқарды. Бұдан кейін он бес жылдай Целиноград облыстық радиосына жетекшілік етті. Майдандағы ерлігі мен ақпарат саласындағы еңбегі жоғары бағаланып, «Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталып, Қазақ ССР-іне еңбегі сіңген мәдениет қызметкері атағын алды.

 

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс