Жаңа рекорд орнатылды

Ақмола облысының Целиноград ауданында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және қазақ халқының тұңғыш кәсіпқой балуаны, қара күш иесі Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына жаңа рекорд орнатылып, «қазақша күрес» бойынша облыстық турнир өткізілді.
Салтанатты шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев және Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова, Қазақстандық спортшылар Одағының төрағасы Азамат Қарлығашев қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Алдымен жиналғандар Қажымұқан ауылында балуанның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Сонымен қатар, шараға жиналғандар Қажымұқан Мұңайтпасұлының ізбасары, күш жаттығуынан әлемнің төрт дүркін рекордшысы, Қазақстанның он екі дүркін рекордшысы, ақмолалық Сергей Цырульниковтың өнерін тамашалады. Ол әрбіреуі 500 келіден астам салмаққа дес бермейтін қос бірдей тағаны иіп, Қазақстанның рекордын орнатты. Рекордты Қазақстанның рекордтар кітабының өкілі Қуандық Құдайбергенов тіркеп, рекордшыға сертификатын табыс етті. Аталмыш рекорд 2009 жылы, Еуропа елінде орнатылды. Онда атлет қос бірдей тағаны 49 секунд ішінде иген болатын. Сергей Цырульников – Ақмола облысы Шортанды ауданының тумасы. Күш өнері бойынша 4 дүркін әлемдік рекордшы, волейбол және пауэрлифтинг бойынша спорт шебері, кір тасын көтеру бойынша спорт шеберіне үміткер, қазақтың атақты балуаны Қажымұқан мен Балуан Шолақтың дәстүрін жалғастыратын бірқатар қауіпті, күрделі трюктерді орындаушы. ҚР Мемлекеттік Гвардиясының бұрынғы офицері. 2017 жылы ол әртүрлі бағыттарда төрт адам тартып тұрған аттарды көтеру арқылы өте қауіпті трюк көрсеткен болатын. Осы қойылым арқылы ол Қазақстанның рекордтар кітабына енді. 2018 жылы ол салмағы 148 тонналық машина бар дизельді теп-ловозды бірнеше метрге сүйреген болатын.
Бұдан бөлек, шара аясында қазақ күресінен облыстық турнир өтті.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий