Жаңа стандарттарға көшу – уақыт талабы

Орта білім беруді үздік ұйымдастырғаны үшін №5 «Таңдау» мектеп-гимназиясы 19 миллион теңгенің гран-приін жеңіп алды. Өткен оқу жылында облыстың оқушылары 72 медаль жеңіп алды. Оның 60-ы республикалық, 12-сі халықаралық конкурстардың нәтижесі. Әсіресе, Көкшетау қаласындағы №1, №2 мектептер мен №3 дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты биіктен көрінді.
Үш ауысыммен оқыту мәселесі шешімін тауып келеді. Соған орай Көкшетау қаласындағы №18, №1 орта мектептердің жанынан қосалқы ғимараттар салынып жатыр. Кәсіптік білім беру ісіне ерекше көңіл бөлінуде. Қазір Көкшетау қаласында – 3, Щучьеде – 1 жоғары колледж жұмыс істейді. Осы білім ордаларының түлектерін жұмыспен қамту ісіне ерекше көңіл бөлу қажеттігі де айтылды. Көкшетау қаласы білім қызметкерлерінің тамыз кеңесі «Достар» мәдениет сарайында өтті.

DSC_0127Жиналғандарға өткен оқу жылында атқарған жұмыстары жайлы бейнефильм көрсетіліп, фойеде мектептер мен балабақшалардың жетістіктері жайлы көрме қойылды. Қала әкімі Ермек Маржықпаев бұған дейін жаңадан ашылған «Мейірім» балалардың дамуын жетілдіру және қабілеті ерекше балалардың «Көкшетау дарыны» орталықтарында болып, олардың жұмысымен танысты. Дамуын жетілдіруде ерекше қажеттілікке ие балаларға «Мейірім» орталығының ашылуына тікелей мұрындық болған қала әкімі Ермек Боранбайұлы. Облыс орталығында алғаш ашылған бұл мекемеде 2-16 жасқа дейінгі балаларға қызмет көрсетеді. Оқу-тәрбие жұмыстары тегін. Түрлі кабинеттерде сабақ алып, жаттығу жасап қана қоймай, шығармашылық үйірмелерге қатысуға мүмкіндік бар. Ал, «Көкшетау дарыны» орталығында балалар қажетті құралдар мен зертханалық жабдықтар арқылы пәндер бойынша қабілеттерін одан әрі жетілдіре алады. Білікті мамандардың алаңсыз қызмет істеуіне жағдай жасалған. Көкшетау қаласының білім қызметкерлерінің тамыз кеңесі «Рухани жаңғыру 3.0 – білімнің үлесі» тақырыбымен өтті. Бұл жолғы кеңес жаңа форматымен ерекшеленді. Бұрынғыдай трибуна қойылмай, еркін байланысты меңзеген отырыс түрінде ұйымдастырылды. Қалалық білім бөлімінің жетекшісі Бейбіт Жүсіпов өткен оқу жылы атқарылған істерді саралады. 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды жүз пайыз мектепке дейінгі мекемемен қамту басты назарда. Отбасы мен баланы әлеуметтік-педагогикалық қолдау мақсатында 32 балабақшада консультациялық орталықтар ашылған. Бөбекжайларда қазақ тілін оқытатын топтардың саны 10-ға ұлғайып, 193-ке жетті. Жыл соңына дейін барлық балабақшаларда көптілділік білім беру элементтері енгізіледі. Осы ретте 7-ші халықаралық педагогикалық инновациялар жәрмеңкесінде Көкшетау қаласындағы «Қуаныш» балабақшасының меңгерушісі С.Бәйкенова «Алтын сертификатқа» ие болғаны атап өтілді. Сондай-ақ, күміс, қола сертификаттар иелері мен өз ісінің шеберлерінің жетістіктері ортаға салынды.

DSC_0195Барлығы 22325 бала өткен оқу жылын табысты аяқтады. Білім сапасы 60,9 пайызды құрады. 134 бірінші сыныптың 3186 оқушысы оқу жылын 5 күндік режимде тәмамдады. Біршама қиындықтар болғанына қарамастан, білім сапасы 80,3 пайызды құрап, үлгерім 100 пайызға жетті. Жаңарған бағдарламаға биыл 5-ші мен 7-ші сынып оқушылары көшетін болады. Соған орай 361 мұғалім білімін жетілдірді. Қалада бүгінгі таңда дамуында тежеуі бар 1 751 бала бар. Оның 875-і мектеп жасында. Балалар арнайы сыныптарда оқиды. Осындай инклюзивті білім берудің нәтижесінде өткен оқу жылының қорытындысы бойынша 31 оқушы жалпы сыныпқа көшірілді. Тұрмысы төмен отбастарын ерте анықтау мақсатында білім бөлімі мемлекеттік органдармен және мемлекеттік емес ұйымдармен бірлесіп «Менің отбасым» жобасын қолға алды. Соның аясында 23 отбасына көмек көрсетіліп, 13 адам жұмысқа орналасып, бірнеше адамның құжаты реттеліп, орта кәсіптік білім алудың жолдары қарастырылды. Биыл 20 жетім балаға баспана берілмек. Ата-ананың қарауынсыз қалған балаларды жетімдер үйіне емес, отбастарына тәрбиеге беру жұмыстары жалғасып жатыр. Қалада оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатын көздейтін 405 үйірме және 143 спорт секциясы жұмыс істейді. Олардың жеке басын дамытатын «Жас ұлан» мен «Жас қыран» бірлестіктеріне 5000-нан астам бала қабылданған. Биыл «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне 2000-нан астам көкшетаулық оқушы барып қайтты. Жаңа оқу жылында оқулықтармен қамту үшін 214 855,6 мың теңге бөлінді. Барлық білім ошақтарына күрделі, ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мектептер жаңа оқу жылына дайын.
Тамыз кеңесінде «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісіне 1, Білім және ғылым министрінің құрмет грамотасы мен алғыс хатына 2, облыс әкімінің алғыс хатына 1, облыстық білім басқармасының құрмет грамотасы мен алғыс хатына 9, қала әкімінің құрмет грамотасы мен алғыс хатына 10 адам ие болды. Сондай-ақ, мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға қаржылай сертификаттар мен бірқатар мұғалімдерге сыйақылар табыс етілді. Қала әкімі Ермек Маржықпаев алдағы оқу жылында барша ұстаздар қауымына табыстар тіледі.

 

 

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс