Жаңа фоторадарлар орнатылды

Ақмола облысында көлік жылдамдығын тіркейтін құрылғылар орнатылды.
Облыс автожолдарындағы жол-көлік апаттары көбінесе жүргізушілердің көлік құралдары жылдамдық режимін сақтамаудан болып жатады. Осыған орай өңірде 2019 жылдың басында полицейлерді жабдықтау мақсатында жаңа қозғалмалы «КРИС-П» фоторадар кешені пайда болды. Осылайша облыс жүргізушілерін көзге көрінбейтін фоторадармен бақылауға болады.  КРИС-П жаңа радарын құру мен жинау бірнеше минутты қажет етеді. Полиция қызметкерлері фоторадарды белгілі орынға өздері орналастырады. Әрі қарай құрылғы жылдамдықты тіркеп, нәтижесін тікелей әкімшілік полиция басқармасы процессингтік орталығына жібереді. КРИС-П фоторадарының орны күн сайын өзгеріп отырады.  Жыл сайын құрылғының жарамдылығы тексеріліп тұрады.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий