Жаңа әуе рейсі ашылды

Алматыдан «FlyArystan» әуе компаниясының алғашқы рейсі Көкшетауға келіп қонды. Алғашқы рейсті Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов, Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайылов, әуежай әкімшілігі мен журналистер қарсы алды.

«Airbuss A320» ұшағы бір мезетте 180 адамды тасымалдай алады. Сағат таңғы 07.00-де Алматыдан шыққан ұшақ араға екі сағат салып, Көкшетауға сәтті қонды. Алғашқы рейспен ұшып келген 127 жолаушыға әуежайда арнайы дастархан жайылып, өнерпаздар әуелеген әнмен күтіп алды.
«FlyArystan» әуе компаниясының ұшақтары Көкшетаудан Алматыға аптасына үш рет (сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері) қатынайды. Билет құны бір бағытқа 9 мың теңгеден басталады. Бағасы қарапайым халыққа қолжетімді. Жолаушылар 5 кг-нан артық қолға жүк алмауы қажет екенін ұмытпаулары тиіс. Ал, әуе билетінің максималды құны 49990 теңгені құрайды. Бұл рейс экономикалық тұрғыдан алғанда өте қажет. Бұл бағыт «Қазақстанның інжуіне» айналған Бурабай өңіріне ғана емес, басқа да көрікті жерлерге туристерді тартуға септігін тигізбек. Броньдау сайт арқылы жүзеге асырылады. – Біз үнемі жолаушыларға қажетті билеттерін арзан бағамен броньдауды ұсынамыз. Әдетте арзан билеттер тез сатылып кетеді, – дейді әуежайдың жер үсті қызметінің директоры Данияр Өскенбаев. Бағаның қолжетімді болуы ең алдымен халықтың қалтасына салмақ түсірмейтін болады. Осы жағынан келгенде жолаушылар қатынасының жолы болатын түрі бар. Жаз айларында рейстер санын арттыру жоспарда бар. Сонымен қатар, «Көкшетау-Қарағанды» бағытында әуе рейстерін ашу (билет бағасы 4990 теңге) жоспарланып отыр. Биылғы жылы «Көкшетау-Ақтөбе» рейстерін іске қосу жоспарланған. Рейстер қазіргі заманғы «Airbus A320» ұшақтары арқылы жүзеге асырылатын болады.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий