Жаңа 3 коммуналдық базар салынады

Көкшетауда әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында жаңа 3 коммуналдық базар салынады. Бұл жергілікті билік тарапынан әлеуметтік маңыздағы азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға қатысты қолға алынған шара. Шаруашылық тауарларын сату және тұрғындар үшін қолжетімді болу үшін «Есіл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы Көкшетау қаласының шеткі аудандарында үш коммуналдық базар салуды жоспарлап отыр. Аумағы 200 метр павильондар Абылай хан даңғылындағы 6 және 11 тұрғын үйлердің маңында, сондай-ақ, Көктем шағын ауданындағы 7 үйдің жанында орналасатын болады. «Есіл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ербол Жақсылықовтың айтуынша, қазіргі таңда смета, сараптама, жобалық құжаттама және өзге дайындық шаралары аяқталды. «Біздің жоспарымыз бойынша коммуналдық базарлардың құрылысы маусымның 1-нен басталып, қыркүйектің 1-де аяқталуы тиіс», – дейді Е.Жақсылықов. «Есіл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясындағылар атап өткендей, бұл сауда орындарында жергілікті кәсіпорындар шығарған әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлары тұрғындар үшін арзан бағамен сатылмақшы. Әсіресе, балғын өнімдер жыл бойы үздіксіз жеткізіліп отырады.

 

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий