Жедел топтың өңірге сапары

Құрамында Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттің жемқорлықтың алдын алу басқармасының жетекшісі Мәлік Ахметқалиев, сондай-ақ, жемқорлықпен күресетін ұлттық бюро және кәсіпкерлер палатасының өкілдері бар жедел топ «Көкше Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен Зеренді ауданындағы Садовое селосының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында жемқорлықтың қоғамға тигізер залалы жайлы ашық пікір алмасу болды. Садовое селосы тұрғындарына алдын ала дайындалған буклеттер таратылды. Елді мекендегі қоғамдық орындарға сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған ақпараттық плакаттар ілінген. Село тұрғындары көтеріліп отырған мәселенің өзектілігін жете түсіне отырып өз тараптарынан өтініш-тілек айтты. Өкінішке орай, әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы мәселелер де дұрыс шешім таппай отыр. Топ жетекшісі Мәлік Ахметқалиев азаматтардың тарапынан айтылған өтініштерді өкілетті мемлекеттік құрылымдар назарына жеткізетіндігін айтты.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс