Жедел штаб отырысы

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен 31 наурызда төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өткізіліп, дайындық шаралары пысықталды.

Облыс орталығында қалыптасқан жағдай туралы Көкшетау қаласы бойынша төтенше жағдайлар басқармасының жетекшісі М.Орешкин хабарлама жасап, күшті дауылдың зардаптары жайлы да айтып берді. Оқиғаның алдын алу үшін тиісті мекемелер штаттық режимде мүлтіксіз жұмыс істеді. 112 пультке келіп түскен барлық дабылдар қолма-қол тексерілді. Соның нәтижесінде облыс орталығында дауыл салдарынан пәлендей төтенше оқиғалар орын алған жоқ. Төтенше жағдайлар жөніндегі мәлеметтерді зерделей келе, қала басшысы тиісті коммуналдық қызметтерге қалаға жақын суаттарда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыруды тапсырды. Инертті материалдардың қажетті қорын жасап, су басқан үйлердің суын соруды ұйымдастырған жөн. Өткен аптада қардың күрт еруінен су тасқыны молайып, күшті дауыл қаланың инфрақұрылымына аз да болса нұқсан келтірді. Қалыптасқан төтенше жағдайға қатысты барлық мәселелер қала әкімдігінің қатаң бақылауында.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс