Жедел іс-қимыл нәтижесін береді

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс бабындағы іс-сапармен ағын су шайып кету қаупі бар Кенесары, Уәлиханов, Ақан сері көшелері мен Красный Яр селосындағы бірқатар үйлер мен көше бойын аралап көрді.

Көкшетау қаласы бойынша бүгінгі күнге 260 428 текше метр қар сыртқа шығарылған. Науалар тазартылып, су жинағыштың екеуіне 4 мың текше ұсақ тас пен 2 мың қап құм жеткізілген.

Қазір бұл аумақтарда төтенше жағдайлар басқармасы мен коммуналдық қызмет мамандары жұмыс істеп жүр. Олар «Көкше-Жәрдемнің» диспетчерлеріне түскен барлық қоңырауларға тәулік бойы әрекет етуде. Күн сайын 35-44 өтінішке дейін қабылданып, инертті материал жеткізу, су сору мен қар шығару жұмыстары атқарылуда. Алайда, ағын суды бірден ауыздықтау мүмкін болмай отыр. Мысалы, 28 наурыз күні Красный Яр селосының тұрғындарына «жәрдемдіктермен» қатар, «Көкшетау Су Арнасының» қажетті техникасы көмекке келді. Бір айта кетерлігі, коммуналдық қызмет мамандарының айтуынша, кей тұрғындар үй маңындағы қарды уақытында тазартпай, қауіпті жағдайды өздері қалыптастыруда. Кейде жалған қоңырау шалатындар да кездеседі. Осындай жағдай Застанционный поселкесінде орын алыпты. Қала әкімі Ермек Маржықпаев барлық қызмет түрлеріне тәулік бойы жұмыс істеу қажеттігін қатаң тапсырды. Өйткені, ағын су шайып кетуі мүмкін аумақтар өте көп. Оған қажетті техника жеткілікті. Ең бастысы – түсіністікпен қарап, уақытында көмек қолын созу. Шаһар басшысы, сондай-ақ, төтенше жағдайлар басқармасы мен жергілікті полиция қызметіне барлық нұсқаларды қарастырып, қажет болған жағдайда тұрғындарды, үй жануарларын басқа жерге көшіруге дейін да-йын болуды тапсырды. Көкшетау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, осы кезге дейін облыс орталығынан 260 428 текше метр қар сыртқа шығарылған. Науалар тазартылып, су жинағыштың екеуіне 4 мың текше ұсақ тас пен 2 мың қап құм жеткізілген. Мұнымен қоса күн сайын су құйғыш машиналар науаларды тазартып, ағын су өтетін арықтарды қар мен қоқыстан аршып жатыр. Бұл жұмыстарға 48 бірлік техника мен 110 жұмысшы тартылған. Тұрақты кезекшілік жасалып, бөлім басшылары қауіпті аумақтарды бақылауға алған. Арықтардың барлығына дерлік «Көкшетау Су Арнасы» мекемесінің бригадалары жұмылдырылған. Олар 6,5 мың погон метр трассаны қардан, мұз бен тұрмыстық қалдықтардан тазартып, өткелдерді, құбырларды ыстық сумен шаю жұмыстарымен айналысуда. Бұл жұмысқа стратегиялық нысандағы қажетті техникалар түгел жұмылдырылған.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс