Жеке мәселелері талқыланды

Қала әкімі Бауыржан Ғайсаның кезекті қала тұрғындарын қабылдауына осы жолы тоғыз адам жазылған. Оның ішінде алты адам өз кезектерін күтіп, әкімге өз бастарындағы мәселені тарқатты.
Қабылдауға алғаш болып кірген Баян Хаметова ТКШ бөлімінің бау-бақша серіктестіктерінің электр желілерін өз балансына алуға мүмкіндігі жоқ екенін айтты. Оның айтуынша электр қуаты үшін ай сайын көп қаражат төлеуге мәжбүр. Ендігі кезекте басшылыққа бұл мәселені қарастырса екен деген оймен келген. Жағдайды қарастыра келе қызметкерлер саяжай қоғамдастықтарының ішіндегі электр желілері – бұл мүшелердің меншігі, олардың жарамды және конструктивті жай-күйі үшін кооперативтердің төрағалары жауап береді деген шешімге тоқтады.
Әлібекова Айман көпбалалы және жалғызбасты ана. Оның әкімшілік есігін қағып жүргеніне бір талай уақыт болған. 2020 жылдың 19 ақпанынан бастап тұрғын үйге мұқтаждар тізімінде көпбалалы отбасы санаты бойынша тіркелген. Қазіргі таңда отбасында 5 адам. Үйіндегі кенже баласына қарау мақсатында жұмысқа шыға алмайды, алайда кешкі уақыттарда дүкендердің еденін жуып балаларыма тамақ алуға осылайша ақша табамын деп ағынан жарылды. Ол «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Материнская слава» I және II дәрежелі наградаларымен марапатталған. «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 2021 жылдың қаңтар айы-нан бастап Айман Әлібекова шартсыз көмекке 3 айға өтініш бергенін атап өтті. Осы мақсатта Айман Әлібековаға ай сайын атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, жағдайына байланысты қаражат берілген. Ендігі кезекте Айман Әлібекованың әкімшіліктен баспана жағынан көмек болса деген ниеті бар. Қала әкімі көпбалалы анаға өзінің ұсыныстарын айтып, тиісті маманға бұл жұмыстың қаралуын жүктеді.
Ағыбай Базарбаев «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК қызметкері болып жұмыс істейді. Қала әкімінің қабылдауына жеке мәселе бойынша келген. Жер алу үшін кезекте тұр, алайда кезектің жақын арада келмейтінін де айта кетті. Сөз арасында жұбайының денсаулығы нашар екенін де жеткізді. Қазіргі уақытта тұрғын үйі жоқ азамат, ең болмағанда жалға берілетін баспана алғысы келетінін жеткізді. Әкімшілік бұл мәселені қарастырып, жердің кезегін күтуден басқа көмек бере алмайтындарын айтты.
Қабылдауға келген Жақсыбай Айтқожин зағип жандар қоғамында қызмет етеді. Өзі жұмыс істейтін мекеменің мәселесін арқалап келген ол, мекеменің талантты адамдары үшін көлік сұрап келген. Яғни, спортшылар, әншілер басқа қалаға шақырылған уақытта кез келген сәтте автобустың болғаны жақсы болар еді деді, – өз сөзінде Жақсыбай Айтқожин. Тыңдалымда тұрғынның мәселесі талқыланып, жағдайдың мән-жайын әкімшілік түсіндіріп өтті.
Андрей Седуш жер телімі мәселесі бойынша келген. «Көкшетау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-де қызмет атқарады. Шағын бизнесі өрге басу үшін көптеген жағдайдың жасалуы керек деген тұжырымға келіпті. Осы мәселе бойынша жер телімін сұрап келген. Әкімшілік бұл сұраққа өздерінің жауаптары мен ұсыныстарын айтты.
Көп баланың анасы Бахтыгүл Құсайынова «Саяжай» бау-бақша серіктестігінен жер телімін бөлу мәселесі бойынша бірнеше рет өтініш білдірген. Өзіне тиесілі жерді алу үшін көп уақыттан бері осы мәселені талқылап жүргендігін айтты. Өз басында баспанасы жоқ болғандықтан жалдап тұруға мәжбүр. Оның мақсаты сатып алған жерін өзіне қайтарып берсе, баспана салып алу. Бүгінгі күні қала әкімінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы тапсырмасына сәйкес баубақша серіктестіктерінің схемаларын бекіту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Айғаным АСЫҒАТОВА.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий