Жеке сот орындаушылар институтының дамуы

  «Бес институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау мақсатында жеке сот орындау-шылар институты мемлекеттік сот орындаушыларының біртіндеп қысқаруымен одан әрі дамитын болады. Осыған орай жыл басынан Қазақстанда барлық атқару құжаттарын жеке сот орындаушылары ведомствосына тапсыру жоспарланған. Аталған жаңа енгізілімге сәйкес олар жеке тұлғаларға да, заңды тұлғаларға да қызмет етеді. Мемлекетте тек борышкерлердің ісін орындау ғана міндеті қалатын болады.

Анатолий ДЕРМАНОВСКИЙ,
Ақмола облысы әділет департаментінің басшысы

Қазақстанда жеке сот орындаушылар заңды және жеке тұлғаларға қатысты дау-ларды орындау көрсеткіштерін арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер алды. Осыған байланысты жеке сот орындаушыларының саны олардың қызметімен елді толық қамтамасыз ету үшін жылдан-жылға өсетін болады. Қолданыстағы заңнамамен жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу үшін талаптар бекітілген. Заңмен бекітілген және республикалық палатаның мүшесі болып табылатын тәртіпте жеке сот орындаушысы өкілеттігін бөлу бойынша конкурстан өткен, жеке сот орындаушысы лицензиясын алған, біліктілік емтиханын тапсырған, жеке сот орындаушысында үздіксіз тағылымдамадан өткен жоғары заңгерлік білімі бар жиырма бес жасқа жеткен Қазақстан Республикасының азаматы жеке сот орындаушысы бола алады.
2017 жылдың соңына дейін республикада жеке сот орындаушыларының толық дамуы күтілуде. Мемлекеттік сот орындаушылар тек алты позиция бойынша ғана өндіруді жүзеге асыратын болады. Атап айтқанда: мемлекеттен өндіру; дауыс беруші акциялардың елу және одан жоғары пайыздары мемлекетке және онымен жанамалас заңды тұлғаларға тиесілі заңды тұлғалардан өндіру; табиғи монополия субъектілерінен немесе тауар және қызмет нарығында басым жағдайдағы субъектілерден өндіру; өндіру мөлшері 1000 АЕК-тен асатын мемлекет пайдасына өндіру; мүлікті тәркілеу немесе мүлікті мемлекетке тапсыру; мемлекет мүддесіне жүргізілетін қоныстандыру, көшіру, жер учаскелерін тәркілеу және басқа да іс санаттары.
Бүгінгі таңда Ақмола облысында 56 жеке сот орындаушысы өз қызметін жүзеге асыруда. 2016 жылдың қаңтарынан маусымға дейінгі есептік кезеңде аяқталған атқару өндірістерінің жалпы саны 6230-ды құрап, оның ішінде бұрын анықталған құжаттардың саны 1141-ді құрады. Есептік кезеңде өндірісі аяқталған құжаттар 9 миллиард теңгеден астам соманы құрап, оның 50 миллион теңгесі мемлекет қазынасына
аударылды. Борышкерлерді төлеуге мәжбүр ету мақсатында Қазақстан Республикасы аумағынан шығуға 67 атқару құжаты бойынша шектеу қойылды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс