Жеке өтініштері бойынша қабылдады

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев 18 мамырда азаматтарды жеке өтініштері бойынша қабылдады. «Құлагер» спорттық-техникалық клубының төрағасы Дмитрий Вой-тович қала әкіміне картингтен жарыс өткізуге арналған Қазақстандағы мамандандырылған жалғыз спорт алаңында тұрғын үйлер құрылысы жүргізіліп жатқандығына шағымдануға келіпті. Оның өтініш-тілегін мұқият тыңдай келе, қала басшысы бұл құрылыс жұмыстарының заңдылық негізде жүргізіліп жатқандығын былайша мәлімдеді: «Сол себепті біз картодромға қала аумағында басқа жер учаскесін іздестірудеміз. Жарыс трассасын салуға көмектесеміз. Әзірше қала бюджетінде бұл мақсатқа арналған қаржы жоқтығынан мемлекеттік-жекеменшіктік бәсекелестіктің көмегін пайдаланатын шығармыз». Зейнеткерлер Қанат Мырзахметов, Любовь Матросова өз әкелерінің есімдерін мәңгі есте сақтау жөнінде өтініш білдірсе, ал «Атамекен Агро» акционерлік қоғамының менеджері Юлия Дагис жер учаскелерін алу жөніндегі тізімдегі кезегінің бұрмаланғандығына шағымданды. Алайда, жер учаскелеріне тізім жасау-да ешқандай бұрмалаушылыққа жол берілмепті. Өйткені, сот шешімімен бұған дейін есепте тұрған ондаған азаматтар қайтадан қалпына келтірілді. Азаматтарды қабылдау кезінде көтерілген басқа да мәселелер бо-йынша қала әкімі тарапынан тиісті ведомстволар мен ұйымдарға нақтылы тапсырмалар берілді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс