Жекпе-жек сайысы

Шымкент қаласында ерлермен әйелдер арасында жекпе-жектен республика чемпионаты өтіп, оған әр облыстан 230-дай спортшы қатысты.

9XEP5y6I2Ms

Үш күнге созылған тартысты сайыс қорытындысы бойынша Ақмола облысының спортшылары үш алтын, екі күміс, бір қола медальды жеңіп алды. Сөйтіп, медаль қоры бойынша олар астаналықтардан кейін екінші орынға көтерілді. Ал, облыс намысын абыроймен қорғаған спортшыларымызға келетін болсақ, Рахметолла Сатыбалдиев, Ерғали Нағанов, Нұрлан Мусинов алтын медальды олжалады. Ал, Дәурен Назаров, Аманбек Жаманқараев, Айлин Әшімова күміс және қола жүлдегер атанды. Толық контактілі жекпе-жек сайысы жөнінен көкшетаулық Саят Жакулин мен Шавхат Рахмонов алдына жан салмады. Жаттықтырушылар Мереке Жүсіпов пен Жасұлан Жантасовтың айтуына қарағанда бұл жігіттер Қазақстан құрама командасына қабылданып, Кисловодскіде өтетін әлем біріншілігіне, сондай-ақ, Чехияда өтетін Европа чемпионатына қатысатын болды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс